Бакудегі VII саммит: Орталық Азия елдерінің басшылары шай үстінде бейресми кездесті

Бакуде өтіп жатқан VII саммит аясында көршілес үш мемлекеттің басшылары бейресми жағдайда кездесті. Әзербайжан астанасында бас қосқан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шай үстінде емен-жарқын әңгімелесті. Осы сәттің видеосын «PRESIDENT» арнайы жобасының жүргізушісі Әділ Балтабаев Instagram парақшасында «Өзіміз отырып…» деген қысқа жазбамен бөлісті. Мемлекет басшыларының бұл қарапайым әрі шынайы отырысы желі қолданушыларының ықыласына бөленіп, жарияланым астында көптеген жылы лебіздер қалдырылуда.