«АНАҒА ТАҒЗЫМ» ОРТАЛЫҒЫНА – 5 ЖЫЛ!


Қадірлі «Анаға тағзым» орталығының ұжымы!
Сіздерді орталықтың бес жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Ана мен отбасы құндылықтарын ұлықтап, әйелдер мен балаларға қамқорлық көрсетіп, талай жанға қолдау мен сенім сыйлап келе жатқан орталықтың орны ерекше. Бес жыл ішінде мыңдаған адамның білім алуына, кәсіп меңгеруіне, шығармашылық қабілетін дамытуына және өмірден өз жолын табуына мүмкіндік жасадыңыздар.
Анаға тағзым – ұлтқа тағзым! Сондықтан игілікті істеріңізді ұрпақ тәрбиесіне, отбасы берекесіне және қоғамның рухани дамуына қосылған зор үлес деп білемін. Орталықтың әр бастамасы аналарға құрмет көрсетіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділікті насихаттауға бағытталғаны қуантады. Осы айтулы мерейтойға орай «ЕлАна» сайтының ұжымы да «Анаға тағзым» орталығының бес жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтап, игілікті істеріне толағай табыс тілейді! Аналарға құрмет көрсетіп, отбасы институтын нығайту жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, жақсылықтарыңыз еселене берсін!

Орталықтың мерейі үстем болып, абыройы асқақтай берсін! Еңбектеріңіз жемісті, шаңырақтарға сыйлаған шуақтарыңыз мәңгілік болсын! Әрдайым ел алғысына бөленіп, талай жанның жүрегіне жылу, өміріне қуаныш сыйлай беріңіздер!

Ізгі тілекпен,
Сәуле Мешітбайқызы,
ҚР еңбек сіңірген қайраткері,
Жамбыл облысының Құрметті азаматы