Ертеде Әмір Темір Көреген бабамыз түрік әміршісі Баязитті жеңіп, оны тұтқынға алады.
Сол Баязитті Әмір Темірдің алдына алып келсе, оның денесі бір жағына қарай қисайып кеткен екен. Әмір Темір бабамыз қарқылдап, шегі қатқанша күліпті.
Сонда Сұлтан Баязит тұрып:
-Ей, Әмір Темір Көреген жақсылық та, жамандық та бір Алладан. Бүгінгі менің басыма түскен іс ертең сенің басыңа келмесіне кім кепіл?!-депті.
-Мен тағдырдың тұрақсыздығымен биліктің баянсыздығын сен айтпай-ақ білемін. Бақ пен даңқ жалғыз Жаратушыдан!
Сенің қасіретіңе күліп тұрғаным шамалы, сені көріп маған мынандай бір ой келді,-дейді Әмір Темір Көреген бабамыз….
-Егер АЛЛА ТАҒАЛА мен сияқты ақсақ пен сен сияқты қисыққа Тақ пен Тәж сыйлаған болса, онда құдіреті күшті ҚҰДАЙ үшін биліктің де ешқандай құны болмағаны-ау шамасы”,-деп езуін әрең жиыпты….
Онгар Саймосаев facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1FvUbLohPg/

