Адам өміріндегі жаман әдеттері

Бүгін мен адам өмірінің бір жаман әдеті туралы ойладым…
Біз қандай да бір нәрсені тек жоқ болған кезінде ғана бағалап, қадірін түсіне бастаймыз…
Мүлік пен ақша жетіспеген кезде ғана біз оның қажеттілігін сезінеміз…
Ажал таяп келгенде ғана уақыттың қадірін түсінеміз…
Отбасымызды жоғалтқан соң ғана оларды сағынамыз…
Ыстықтағанда салқынды, тоңғанда жылы күндерді армандаймыз…
Тек өмірдің ауыр соққысымен бетпе-бет келгенде ғана өмірді «ертең» деп кейінге қалдыруды қоямыз…
Біз тығырыққа тірелген түрмеде отырғандай қазіргі сәтімізге күйзеліп жүруімізбен қатар, өткеннің естеліктерімен өмір сүріп, әлде барар-бармасымызды да білмейтін болашақты армандап жүреміз…
Балаларымызға кейіп, ашуланамыз, бірақ олар өсіп үлкейгенде қайтадан кішкентай бала болғанын қалаймыз…
Ата-анамызбен өмір бойы сөзге келіп жүріп, олар дүниеден озған кезде уақытты кері қайтарып, бір-ақ рет болса да қатты-қатты құшақтауды жүректен қалаймыз…
Бізде жоқ нәрсеге шағымдана беріп, өзімізде бар мол мүмкіндік, бақытты сезінуді ұмытып кетеміз…
Кешегі күн өтіп кетті, болашақ — белгісіз…
Бізде тек ТАП КАЗІР, ДӘЛ ОСЫ ЖЕРДЕ өмір сүріп, артынша жақсы нәрсеге қол жеткізетінімізге сеніп, ең жақсы дегеннің бәрін қазір егіп өсіруге ғана мүмкіндік қалды…
Неге «МЕН СEНI ЖАҚСЫ КӨРЕМІН» деп айтуды міндетті түрде күту керек?
Неге қалаған нәрсең үшін бүгін күреспеске?
Неге күлкі, құшақ, сүйіспеншілігімізді іште жасыру керек?
Неге кешірім сұрамасқа?
Уақыт таусылмай тұрып біз уақыттың бітетінін ешқашан ойламаймыз…
Жоғалтып алмай тұрып біз қандай дa бір нәрсені жоғалтып алуымыз мүмкін екенін ешқашан ойламаймыз…
Өлім таяп келмей тұрып біз өзіміздің өлетінімізді ешқашан еске алмаймыз…
Күн шығып тұрғанда неге оның жылуынан ләззат алмасқа?
Жаңбыр жауып тұрғанда неге жаңбырдың тамшысына малынбасқа?
Қуанған кезде неге шын жүректен күліп, қиналған кезде неге қатты дауыстап жыламасқа?
Қайғы-қасірет дегеннің өзі – тірі екеніңнің белгісі…
Ауырсынып жатқаның – әлі де СЕЗЕ алатыныңның дәлелі…
Сезіне білу дегенің – ӨМІРДІҢ ҮМІТІ бар екенінің белгісі…
Өліп бара жатқаныңды білуді күтпе, өмір сүре баста…
Өмір дегенің – ОСЫ ЖЕРДЕ, ДӘЛ ҚАЗІР тұр…
Қалғанның бәрі – тек бос қиял…
Амантай Тойшыбайұлы facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/19jVCfACSM/