Сарысу ауданында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Алдағы қысқы кезеңді тұрақты өткізу, тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды жылумен уақтылы қамтамасыз ету бағытында ауданда ауқымды дайындық шаралары кезең-кезеңімен іске асырылуда. Қыс жақындаған сайын жылу мәселесі күн тәртібіне шығатыны белгілі. Қарлы боран мен қақаған аяз түскенде жылу жүйесіндегі тіпті кішігірім ақаудың өзі үлкен қиындықтарға ұласуы мүмкін. Сондықтан қыс қамын жаздан ойлау – әрдайым жауапкершілікті талап ететін басты қағида. Осы орайда Сарысу ауданында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қатаң бақылауға алынып, нақты міндеттер белгіленді.
Бұл бағыттағы аудандық іс-шаралар жоспары бекітіліп, оның орындалу барысы аудандық штабтың отырыстарында және аппараттық кеңестерде жан-жақты қаралып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктелді. Бүгінгі таңда жылу жүйелерін ретке келтіру, қажетті отын қорын жасақтау, әлеуметтік сала нысандарын қысқы маусымға толық әзірлеу және қазанды

