Мемлекеттік қолдау – Игілік округі шаруаларының табыс көзі
Ауылдың берекесі мен жердің ырысын арттыруды мақсат еткен Сарысу ауданындағы Игілік ауылдық округінде мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асырылуы шаруаларға дала жұмыстарын сапалы атқаруға мол мүмкіндік беруде. Мәселен, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы округтегі 5 шаруа қожалығы жалпы құны 91 млн 890 мың теңгені құрайтын техникаларды лизингке алып, игілікке 4 дана «Беларус МТЗ-892,2» тракторын, 1 погрузчик пен 12 қосалқы тіркемеге қол жеткізсе, «Кең дала» бағдарламасы аясында 2 шаруа қожалығы 23 млн теңге көлемінде қысқа мерзімді несие алып, көктемгі дала жұмыстарына қажетті дизель отыны мен тұқым сатып алды. Округтегі 132 шаруа қожалығыныңжұмысы жүйелі жолға қойылған, атап айтқанда мал шаруашылығын өркендету мақсатында 3 144 бас ірі қара, 21 748 бас қой-ешкі, 1 764 бас жылқы, 329 бас түйе және 1 570 бас құс өсірілуде. Диқандар биыл 1 519 гектар алқаптан дәнді және майлы дақылдар жинап, атап айтқанда жүгері, күздік бидай, арпа және мақсарыдан қомақты өнім алды, ал жер құнарлылығын сақтау үшін 1 551 гектарға жоңышқа егіліп, 7 гектар бақша дақылдарының 1,2 гектарында тамшылатып суару технологиясы пайдаланылды. Осы атқарылған ауқымды жұмыстар мен 36 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған 14 300 тонна қысқы мал азығын дайындау науқаны ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайту мен заманауи технологияларды енгізудің тұрақты жалғаса беретінін айғақтайды.

