ЕЛ ІРГЕСІ СӨГІЛМЕСІН ДЕСЕК .
ЕЛ ІРГЕСІ СӨГІЛМЕСІН ДЕСЕК . Үстіміздегі жылдың ақпан айында , Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан ініміздің қабылдауында болған едім. Мақсатым — Ақтөбе облысының спортына елеулі еңбек сіңірген, бокстан Ақтөбе облысы бойынша тұңғыш КСРО спорт шебері, Қазақстан республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы, желтоқсаншы , 2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында өткен қысқы Азия ойындарының алаугері » Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері марқұм Болат Қойшыбайұлы Телеуов туралы ғұмырнамалық жинақтар кітабын Ақтөбе облысының аумағында таныстырып, насихаттау болатын!
Жақсы қабылдады . Өзінің ой-пікірлерімен бөлісті. Ұрықсатын берді. Ата-анасы Болаттың 5 жасында көшіп келіп, тұрақтап қалған Алға қаласында мектеп оқушылары мен 5 рет кездесу болды.
Қалай дегенмен саналы ғұмыры өткен Алға қаласы емес пе? Оның үстіне Алға қаласының боксшыларының басым бөлігі шәкірттері болатын. Сөйлеушілердің дені аналар болды. Балаларының жаман жолдарға түсіп кетпеулеріне себепші болған — Болат Қойшыбайұлы деп ризалықтарын білдіріп жатты. Жақында, 8 қыркүйекте Темір ауданының Кеңқияқ елді мекенінде жаңадан бой көтерген спорт мектебінде де жас спортшылар мен кездесу болды. Тым кеш, аяқ астынан естідік. Әйтпесе жастарды көбірек тартатын едік деп жатыр. Спорт мектебінің қызметкерлері кілең жалындап тұрған жастар екен. Көбі 30 жасқа да толмапты. Алаштың ардақты шайыры Мағжан атамыз » Бойында Алаш қаны бар. Мен жастарға сенемін» дегеніндей біздерде жас жаттықтырушыларға үлкен сеніммен аттандық. Осындай тәрбиелік, патриоттық, Отансүйгіштік мәнді кездесулердің басында — Батырхан Жолдас ініміз тұрды десек артық айтқандық емес деп білемін! Өйткені, біздердің ұсынысымызға оң көзбен қарады. Қазіргідей алмағайып кезеңде, айналамыз тыныш болмай тұрғанда әрине саясатта қателіктерге ұрынбауымыз керек екенін жақсы білеміз!
Ел болғасын неше түрлі жағымды да, жағымсыз да сөздер айтылып жатады. Барлық сындар нақты деректер мен дәлелдермен болса екен дейміз! Ел аузындағы әңгімелерге құлақ түрсек, өткен жылы Ақтөбе облысының екі ауданы мен Ақтөбе қаласында өткен 19-20 ғасырларда ғұмыр кешкен дәстүрлі дініміздің көрнекті өкілдерінің бірі — Нұрлепес ата Күмісбайұлы туралы танымдық конференциялардың жоғары деңгейде өтуіне де Батырхан Жолдас себепші болды деп естідік. Көненің көздерін түгендеп жүрген азаматтардың алғыстарын арқалап жүрген азаматтардың жолына кедергі, аяқтарына тұсау болмағанымыз абзал. Әлеуметтік мәселелер біртіндеп түзеледі. Бір-бірімізге қырғи қабақ танытып, рухани жағымызды әлсіретіп алмайық. ЕЛ ІРГЕСІНІҢ СӨГІЛМЕУІН барлығымызда қалаймыз! Ендеше ауыз бірлікте болайық ағайын. Аманкелді Жұмашұлы
Алматы — Ақтөбе — Алматы

