Creative Aimaq жобасының бүгінгі нәтижесі

100 млн теңгеден астам сатылым, 400-ден астам креатор және 40 мыңға жуық келуші — Creative Aimaq жобасының бүгінгі нәтижесі. Қазіргі таңда Qazaq Creative Hub алаңында 11 өңір креативті әлеуетін таныстырды. Бүгін өңірлердегі креативті индустрияларды дамыту мәселелеріне жетекшілік ететін басқарма басшыларымен және Қордың өңірлік үйлестірушілерімен жұмыс кеңесін өткіздім. Алдағы кезеңнің негізгі міндеттерін айқындадық. Басты назар — экономикалық тиімділікке: креаторлар еңбегін коммерцияландыруға, нарыққа қолжетімділікті кеңейтуге, сатылым көлемін арттыруға, жаңа клиенттер мен серіктестер тартуға бағытталды.
Сондай-ақ Creative Shift бағдарламасын, гранттық конкурстарды, World Designers Fashion Week Astana 2026 жобасын және Қордың алдағы бастамаларын талқыладық. Ендігі міндет — өңірлердегі перспективалы креаторлар мен жобаларды нақты анықтап, сүйемелдеу, QazaqCreative платформасына тіркелуге көмектесу және оларды Қордың қолдау құралдарына бағыттау. Мақсатымыз — Қор қолдауының нақты нәтижеге айналуы: сатылым, серіктестік, инвестиция және жобаларды масштабтау.