Жетісу – мүмкіндігі мол, өндірісі мен ауыл шаруашылығы қатар дамып келе жатқан өңір.
Бүгін «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай бастаған республикалық сайлауалды штабпен бірге Жетісу облысында бірқатар маңызды кездесулер өткіздік.
Спортшылармен жүздесіп, бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамыту мәселелерін талқыладық. Биыл Қазақстан чемпионы атанғанына 10 жыл емес, 10-рет қол жеткізген «Жетісу» волейбол клубының жетістігі – өңірдегі спорт мектебінің әлеуетін көрсетеді. Жас спортшылардың партия бастамаларына қолдау білдіріп, сәттілік тілегені де біз үшін маңызды.
Сонымен қатар, Жетісудың экономикалық әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстарды таныстырдық. Жаңа өндірістер ашу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, суару каналдарын жаңғырту, ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту және шекара маңындағы аумақтардың мүмкіндігін тиімді пайдалану – өңірдің болашағы үшін маңызды бағыттар.
Біздің ұстанымымыз қарапайым: әр азаматқа спортпен айналысуға, еңбек етуге және өз өңірінде сапалы өмір сүруге тең мүмкіндік болуы керек.
Жетісудағы кездесулер осы мақсатқа жету жолындағы нақты ұсыныстар мен ашық пікір алмасуға арналды.
Ержан Жылқыбаев facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/14iUaJHDAi6/



