Балалар демалысы бірлікті талап етеді

Жаз басталса әрбір үйдің бұзығы мен қызығы демалысын жоспарлауға асығады. Әсіресе мектеп жасындағылар лагерьге жиналып, жаңа дос арттырып жатады. Таным көкжиегін кеңейтеді. Ынтымақ пен бірлікті ұғына бастайды. Патриоттық және түрлі спорттық, мәдени іс-шаралар арқылы болашаққа сенімін қалыптастырады. Осынау артықшылықтарды ескерген Түркістан қаласы Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде «Балалық шаққа саяхат» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлаған қызықты бағдарламалық шоу ұйымдастырылып, түрлі ойын-сауық бағдарламалары өткізілді. Мазмұнды кештің басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау және олардың шығармашылық белсенділігін арттыру, өзара сыйласуды үйрету. Көңілді кешке қатысқан бүлдіршіндер белсенділік танытып, әсерлі сәттерге куә болды.