КЕТІКТІҢ ТАПСАҚ ТЕТІГІН!

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Кітап оқитын ұлт” тұжырымдамасын өз Жарлығымен бекітті. Енді қазақ қоғамы “оқитын ұлт”, “ойлы ұлт”, “озық ұлт” деген жаңа тұрпатты сипатқа қол жеткізуі тиіс.
Жас ұрпақты кітап оқуға қалай баулимыз?
Ойға оралған тетіктер мен тәсілдермен бөліссем:
1.Әрине, балаларды “қалай да оқы” деп зорлықпен оқыта алмайтынымыз анық. Оның орнына мотивация беру тәсілін іске қоссақ! Айталық, мектепте 100, 500, 1000 кітап оқыған балаларға спорт клубтары мен түрлі үйірмелерге тегін жолдама беру;
2.Студент жастарға 2000, 5000, 10 000 кітап оқығандарға дәрежесіне қарай көлікте тегін жүру, бассейнге тегін абонемент, ұялы телефондарына 100 пайыз жеңілдік беру;
3.”Қандай кітап оқыды, не түйді” деген сауалдардың жауабын білу үшін оқыған кітаптары жөнінде арнайы тест тапсыру;
4.Соның негізінде мектеп бітіруші түлектерге ҰБТ-дан толық жеңілдік беру;
5.Қазақстан бойынша ең көп кітап оқыған балаларға жазғы сауықтыру орындарына тегін жолдама беру;
6.Пойыз және авиабилеттерге 50 пайыз жеңілдік беру;
7.”Самұрық-Қазына” тәрізді ұлттық ірі компаниялар қаражаты есебінен ең төменгі мөлшерде ипотека беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету;
8.”Ең үздік оқымысты” атағын белгілеп, 10 000-нан 50 000 долларға дейін арнайы марапат белгілеу;
9.Өңірлер бойынша кітап оқу бәйгелерін ұйымдастыру, сол арқылы Қазақстанның оқымысты балалары резервін қалыптастыру және оларға жоғарыда көрсетілгендей түрлі әлеуметтік жеңілдіктер беру;
10.Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Мәдениет және ақпарат министрліктері осы іс-шараларды бірлесе талқылап, тұжымдамалық, құқықтық және қаржылық негіздемелерді жасаса жөн болар ма еді?!.