ЕЛ СЕНІМІН АРҚАЛАҒАН ҚОС АЗАМАТ

 
Түркістан — тек бір өңірдің ғана емес, барша түркі жұртының рухани жүрегі, тарихтың алтын бесігі. бүгінде күллі әлем назарын аударған киелі мекен күн сайын жаңғырып, жаңа келбетке еніп келеді. Мұның барлығы — жүйелі жұмыстың, табанды еңбектің, жауапкершіліктің нәтижесі.
Түркістан облысының халқы көп. Ал, халық көп жерде талап та, жауапкершілік те, мәселе де аз болмайтыны белгілі. Осындай ауқымды өңірдің жүгін арқалап, ел сенімін ақтау — кез келген азаматтың қолынан келе бермейтін іс. Сол сенімді абыроймен алып келе жатқан азаматтардың бірі — Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеров. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымның жаңаруы, елді мекендердің көркеюі, халықтың тұрмыс сапасының артуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды көрмеу үшін шынымен “соқыр” болу керек шығар.
Ал, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бастаған команда шаһардың шырайын кіргізіп, көне қаланың жаңа тынысын ашып жатыр. Бүгінгі Түркістан — кеше ғана көз үйренген Түркістан емес. Апта сайын өзгеріс. Күн сайын даму. Жаңа нысандар, таза көшелер, көркейген саябақтар, заманауи ғимараттар, реттелген инфрақұрылым — мұның бәрі тынымсыз еңбектің жемісі.
Әрине, “атқарса — міндеті” дейтіндер табылады. Бірақ, әр міндетке жанын салып, халық үшін уақытпен санаспай еңбек ету — жауапкершілікті сезінгеннің белгісі. Сын айту оңай, ал ел үшін нақты нәтиже көрсету — үлкен жауапкершілік пен қайсарлықты талап етеді. Осындай ауыр жүкті көтеріп жүрген азаматтарға қолдау білдіру — әрбір саналы азаматтың парызы деп білемін.
Құрметті Нұралхан Оралбайұлы, Әзімбек Пазылбекұлы!
Сіздерге артылған сенім зор. Түркістанды тек Қазақстанның емес, бүкіл түркі әлемінің мақтанышына айналдыру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін! Халықтың алғысы мен батасы әрдайым серік болсын! Еңбектеріңіздің жемісін ел көріп, абыройларыңыз арта берсін!
Түркістанның түрленуі — бұл жай ғана құрылыс емес, бұл — рухани жаңғыру, бұл — елдің ертеңіне жасалған инвестиция. Осындай игі істің басында жүрген азаматтарға тек сәттілік пен күш-қуат тілейміз!
Азат Дидарбек фб парақшасынан