Бүгін әдеттегідей әуежайдан-ақ ағайынға тән ерекше ықылас байқалды.
Әр жүздесуде Қасым Жомарт Тоқаевпен ұзақ қол алысып, ықылас танытатын Режеп Тайип Ердоған Қазақстанның жаһандағы, әсіресе түркі әлеміндегі беделіне дәл осылай да құрмет көрсететіні байқалады. Қазақстанның бейбіт саясатын қолдайтынын үнемі сөзсіз де білдіреді.


