Казахстан сохраняет лидерство по социальным выплатам среди стран СНГ
Социальная поддержка семей, родителей, людей с инвалидностью и ветеранов остаётся одним из ключевых направлений государственной политики Казахстана. Сравнение размеров пособий и социальных выплат в странах СНГ показывает, что республика занимает лидирующие позиции сразу по нескольким категориям.
Размеры выплат в Казахстане заметно превышают показатели соседних стран, а по отдельным направлениям разница достигает нескольких раз. Это касается поддержки матерей, семей с детьми, многодетных родителей, людей, воспитывающих детей с инвалидностью, а также ветеранов Великой Отечественной войны.
Выплаты по беременности и родам: Казахстан — абсолютный лидер
Наиболее высокий показатель среди стран СНГ Казахстан демонстрирует по единовременной социальной выплате по беременности и родам.
Средние размеры выплат:
* Казахстан — 1 206 397 тенге
* Россия — 773 000 тенге
* Беларусь — 463 000 тенге
* Азербайджан — 318 000 тенге
* Узбекистан — около 90 200 тенге
Таким образом, средняя выплата в Казахстане превышает минимальные показатели России примерно в 1,5 раза, а выплаты ряда других стран СНГ — в 3–10 раз.
Для молодых семей такие выплаты имеют огромное значение, поскольку именно период рождения ребёнка сопровождается серьёзными расходами: медицинские услуги, питание, детские товары, одежда, мебель и уход за младенцем требуют существенных затрат уже в первые месяцы жизни ребёнка.
Высокий размер декретных выплат позволяет семьям чувствовать большую финансовую стабильность и снижает нагрузку на семейный бюджет.
Казахстан лидирует и по пособиям по уходу за ребёнком
Серьёзный разрыв между Казахстаном и другими странами наблюдается и в ежемесячных выплатах по уходу за ребёнком до полутора лет.
Размер пособий:
* Казахстан — 86 552 тенге
* Россия — 66 973 тенге
* Узбекистан — 31 266 тенге
* Азербайджан — 12 823 тенге
* Кыргызстан — 6 804 тенге
Даже по сравнению с Россией казахстанское пособие остаётся выше, а с некоторыми странами Центральной Азии разница достигает нескольких раз.
Эти выплаты помогают семьям покрывать ежедневные расходы: питание ребёнка, подгузники, лекарства, бытовые товары и коммунальные платежи. Особенно важна такая поддержка для матерей, временно не работающих после рождения ребёнка.
Поддержка многодетных семей — одна из самых высоких в регионе
Отдельное внимание Казахстан уделяет многодетным семьям.
Размеры пособий:
* Казахстан — 69 330 тенге
* Азербайджан — 40 801 тенге
* Беларусь — 33 200 тенге
* Узбекистан — отдельное пособие не предусмотрено
Наличие самостоятельного пособия для многодетных семей показывает стремление государства поддерживать семьи с несколькими детьми и компенсировать растущие расходы.
С увеличением количества детей существенно возрастают траты на питание, одежду, обучение, кружки, транспорт и медицинское обслуживание. Поэтому регулярные государственные выплаты становятся важной частью семейного бюджета.
Казахстан показывает самые высокие выплаты лицам, воспитывающим детей с инвалидностью
Одним из наиболее чувствительных направлений социальной политики остаётся поддержка семей, воспитывающих детей с инвалидностью. И здесь Казахстан также занимает первое место среди представленных стран СНГ.
Размер пособий:
* Казахстан — 81 871 тенге
* Россия — 71 700 тенге
* Беларусь — 66 600 тенге
* Кыргызстан — 45 975 тенге
* Азербайджан — 29 144 тенге
* Узбекистан — 20 500 тенге
Казахстан предоставляет самую высокую финансовую поддержку лицам, ухаживающим за детьми с инвалидностью, превышая выплаты Узбекистана и Азербайджана в 3–4 раза.
Подобная помощь особенно важна, поскольку семьи, воспитывающие детей с особыми потребностями, сталкиваются с постоянными расходами на лечение, реабилитацию, медикаменты, специализированное оборудование, обучение и уход.
Во многих случаях один из родителей вынужден отказаться от полноценной работы ради постоянного ухода за ребёнком. Поэтому государственная поддержка становится критически важной для качества жизни таких семей.
Почему Казахстан усиливает социальную поддержку населения
За последние годы Казахстан значительно расширил систему социальных выплат. Государство делает ставку на поддержку семей, материнства, детства, людей с инвалидностью и пожилых граждан.
Эксперты связывают рост социальных пособий сразу с несколькими факторами:
* развитием системы социального страхования;
* ежегодной индексацией выплат;
* поддержкой демографической политики;
* стремлением повысить уровень жизни населения;
* усилением адресной социальной помощи.
На фоне инфляции и роста стоимости жизни размеры пособий становятся особенно важными для населения. Для многих семей государственные выплаты — это не формальная мера поддержки, а реальная помощь в покрытии ежедневных расходов.
Казахстан формирует один из самых сильных социальных пакетов в СНГ
Сравнение социальных выплат показывает, что Казахстан сегодня занимает лидирующие позиции среди стран СНГ сразу по нескольким направлениям:
* выплаты по беременности и родам;
* пособия по уходу за ребёнком;
* поддержка многодетных семей;
* выплаты семьям, воспитывающим детей с инвалидностью;
* помощь ветеранам Великой Отечественной войны.
Во многих случаях размеры казахстанских пособий значительно превышают выплаты соседних государств, а по отдельным направлениям разница достигает нескольких раз.
Эксперты считают, что сохранение высокого уровня социальной поддержки может положительно влиять на демографическую ситуацию, уровень благополучия семей и социальную стабильность в стране.
Для тысяч казахстанцев такие выплаты становятся важной опорой в наиболее сложные и ответственные периоды жизни — во время рождения и воспитания детей, ухода за близкими и поддержки старшего поколения.
Қазақстан ТМД елдері арасында әлеуметтік төлем көлемі бойынша алда келеді
Қазақстанда отбасыларды, ата-аналарды, мүгедектігі бар азаматтарды және ардагерлерді әлеуметтік қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып қала береді. ТМД елдеріндегі жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер көлемін салыстыру Қазақстанның бірнеше санат бойынша көш бастап тұрғанын көрсетті.
Елдегі төлем көлемі көрші мемлекеттердің көрсеткішінен айтарлықтай жоғары. Ал кей бағыттар бойынша айырмашылық бірнеше есеге дейін жетеді. Бұл аналарды, балалы отбасыларды, көпбалалы ата-аналарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған азаматтарды және Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қолдауға қатысты.
Жүктілік пен босануға байланысты төлем: Қазақстан – абсолют көшбасшы
ТМД елдері арасында жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем көлемі бойынша Қазақстан ең жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр.
Орташа төлем көлемі:
- Қазақстан – 1 206 397 теңге
- Ресей – 773 000 теңге
- Беларусь – 463 000 теңге
- Әзербайжан – 318 000 теңге
- Өзбекстан – шамамен 90 200 теңге
Осылайша, Қазақстандағы орташа төлем Ресейдегі ең төменгі көрсеткіштен шамамен 1,5 есе жоғары болса, кей ТМД елдерінің төлемінен 3–10 есеге дейін артық.
Жас отбасылар үшін мұндай төлемдердің маңызы зор. Себебі дәл бала дүниеге келетін кезеңде медициналық қызмет, тамақ, балалар тауарлары, киім-кешек, жиһаз және нәресте күтіміне байланысты шығын күрт көбейеді.
Декреттік төлемнің жоғары болуы отбасыларға қаржылық тұрақтылықты көбірек сезінуге мүмкіндік беріп, отбасы бюджетіне түсетін салмақты азайтады.
Бала күтіміне арналған жәрдемақы бойынша да Қазақстан алда
Қазақстан мен өзге елдер арасындағы айтарлықтай айырмашылық бала бір жарым жасқа толғанға дейін төленетін ай сайынғы жәрдемақы көлемінен де байқалады.
Жәрдемақы көлемі:
- Қазақстан – 86 552 теңге
- Ресей – 66 973 теңге
- Өзбекстан – 31 266 теңге
- Әзербайжан – 12 823 теңге
- Қырғызстан – 6 804 теңге
Тіпті Ресеймен салыстырғанда да Қазақстандағы жәрдемақы жоғары. Ал Орталық Азия елдерінің кейбірімен салыстырғанда айырмашылық бірнеше есеге жетеді.
Бұл төлемдер отбасылардың күнделікті шығынын жабуға көмектеседі. Оның ішінде бала тағамы, жөргек, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар мен коммуналдық төлемдер бар. Әсіресе сәби туғаннан кейін уақытша жұмыс істемейтін аналар үшін мұндай қолдаудың маңызы ерекше.
Көпбалалы отбасыларды қолдау – өңірдегі ең жоғары деңгейдің бірі
Қазақстан көпбалалы отбасыларды қолдауға да ерекше көңіл бөліп отыр.
Жәрдемақы көлемі:
- Қазақстан – 69 330 теңге
- Әзербайжан – 40 801 теңге
- Беларусь – 33 200 теңге
- Өзбекстанда мұндай бөлек жәрдемақы қарастырылмаған
Көпбалалы отбасыларға арналған жеке жәрдемақының болуы мемлекет бірнеше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдауға және өсіп жатқан шығындардың бір бөлігін өтеуге мүдделі екенін көрсетеді.
Балалар саны көбейген сайын тамақ, киім-кешек, оқу, үйірмелер, жол ақысы мен медициналық қызметке кететін шығын да артады. Сондықтан тұрақты мемлекеттік төлемдер көптеген отбасы үшін маңызды қолдау болып отыр.
Мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған азаматтарға төлем көлемі ең жоғары
Әлеуметтік саясаттағы ең маңызды бағыттардың бірі – мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау. Бұл көрсеткіш бойынша да Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші орында тұр.
Жәрдемақы көлемі:
- Қазақстан – 81 871 теңге
- Ресей – 71 700 теңге
- Беларусь – 66 600 теңге
- Қырғызстан – 45 975 теңге
- Әзербайжан – 29 144 теңге
- Өзбекстан – 20 500 теңге
Қазақстан мүгедектігі бар балаға күтім жасап отырған азаматтарға ең жоғары қаржылық қолдау көрсетіп отыр. Бұл төлем көлемі Өзбекстан мен Әзербайжандағы көрсеткіштен 3–4 есе жоғары.
Мұндай көмек ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар үшін аса маңызды. Себебі мұндай жанұялар ем-домға, оңалту шараларына, дәрі-дәрмекке, арнайы құрал-жабдықтарға, білім беру мен күтімге тұрақты түрде қаржы жұмсайды.
Көп жағдайда ата-ананың бірі балаға тұрақты күтім жасау үшін толыққанды жұмыстан бас тартуға мәжбүр болады. Сондықтан мемлекеттік қолдау олардың өмір сапасына тікелей әсер етеді.
Қазақстан неге әлеуметтік қолдауды күшейтіп жатыр
Соңғы жылдары Қазақстан әлеуметтік төлемдер жүйесін айтарлықтай кеңейтті. Мемлекет отбасыларды, ана мен баланы, мүгедектігі бар азаматтарды және егде жастағы адамдарды қолдауға басымдық беріп отыр.
Сарапшылар жәрдемақылар көлемінің өсуін бірнеше фактормен байланыстырады:
- әлеуметтік сақтандыру жүйесінің дамуы;
- төлемдердің жыл сайын индекстелуі;
- демографиялық саясатты қолдау;
- халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге ұмтылыс;
- атаулы әлеуметтік көмектің күшеюі.
Инфляция мен өмір сүру құнының өсуі жағдайында жәрдемақылар көлемі халық үшін ерекше маңызды болып отыр. Көптеген отбасы үшін мемлекеттік төлемдер формалды көмек емес, күнделікті шығынды жабуға нақты қолдау саналады.
Қазақстан ТМД кеңістігіндегі ең мықты әлеуметтік пакеттердің бірін қалыптастарды
Әлеуметтік төлемдерді салыстыру Қазақстанның ТМД елдері арасында бірнеше бағыт бойынша көш бастап тұрғанын көрсетеді:
- жүктілік пен босануға байланысты төлемдер;
- бала күтіміне арналған жәрдемақылар;
- көпбалалы отбасыларды қолдау;
- мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларға төлемдер;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне көрсетілетін көмек.
Көп жағдайда Қазақстандағы жәрдемақы көлемі көрші мемлекеттердің көрсеткішінен айтарлықтай жоғары. Кей бағыттар бойынша айырмашылық бірнеше есеге дейін жетеді.
Сарапшылардың пікірінше, әлеуметтік қолдаудың жоғары деңгейін сақтау елдегі демографиялық жағдайға, отбасы әл-ауқатына және қоғамдағы тұрақтылыққа оң әсер етуі мүмкін.
Мыңдаған қазақстандық үшін мұндай төлемдер өмірдің ең жауапты әрі күрделі кезеңдерінде – бала дүниеге келгенде, бала тәрбиелегенде, жақындарына күтім жасағанда және аға буынды қолдағанда маңызды тірекке айналып отыр.
