Депутаттардың айтуынша, кейбір азаматтар мен ұйымдар өздерін «би» деп атап, құқықтық дауларға араласып, мемлекеттік органдардың функциясын атқарып жүр.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің жауабына сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда атауында «би», «билер кеңесі» немесе «бас би» сөздері бар 20 ұйым тіркелген.
Мұндай ұйымдардың көбі Түркістан облысында орналасқан — 5 бірлестік. Оның ішінде:
3 ұйым — республикалық;
17 ұйым — жергілікті мәртебеге ие.
Тексеру барысында кейбір ұйымдардың заң бұзушылықпен жұмыс істейтіні анықталған. Атап айтқанда:
кейбірі заңды мекенжайында жоқ;
4 ұйым әрекетсіз салық төлеуші деп танылған;
бір ұйым салық есебін тапсыруды тоқтатқан.
Сондай-ақ премьер кейбір бірлестіктердің дауларды шешуге араласып, сот пен құқық қорғау органдарының қызметін өз мойнына алғанын айтты.
Үкімет енді атауы немесе қызметі ру-тайпалық құрылымдарға қатыстылығын білдіретін коммерциялық емес ұйымдарды құруға тыйым салуды жоспарлап отыр.

