Әрбір баланың өмір жолы отбасынан басталады.
Сол жолда оған бағыт-бағдар беріп, дұрыс пен бұрысты айырып үйрететін ең алғашқы ұстаз – әке. Әкенің әр сөзі мен іс-әрекеті ұл үшін үлгі, оның болашақ тұлға болып қалыптасуына негіз болады. Халқымыз «Әке – асқар тау» деп бекер айтпаған. Өйткені әке – тірек, қорған, тәрбие мен жауапкершіліктің символы.
Ұл бала әкесіне қарап бой түзейді, оның мінезін, еңбексүйгіштігін, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіреді. Әке тәрбиесі – тек ақыл айту емес, ол – өнеге көрсету, өмірмен үйрету. Сондықтан да әкенің орны бала тәрбиесінде ерекше.
Осы тұрғыда «Әке – ұлының алғашқы ұстазы» тақырыбы әрдайым өзекті. Бұл тақырып арқылы біз әкенің бала өміріндегі маңызын, оның тәрбиелік рөлін терең түсінеміз.








