Өнерімен өрге жүзген өрендер

Қошанбаев Айболат  мен Бектұрсынова Диананың  отбасы  Астана қаласында тұрады.  Отағасы Айболат Олжағалиұлы  біраз жылдан бері мұнай саласында, ал Диана Әлiбекқызы болса сұлулық салонында жұмыс істейді. Олар   өнерлі  ұл мен  қызды  тәрбиелеп отыр. Олжағали Нұрхан Айболатұлы Астана қаласындағы  111- жалпы орта білім беретін мектептің   5г -сынып оқушысы.  Ол «Hockey room» хоккей үйірмесіне қатысады.  Талантты бала Нұрхан  шығармашылықпен де айналысады. Ол  мәнерлеп оқу сайыстарынан жүлделі орындарға ие болып жүр.  Былтыр Республикалық «Мақатаев оқулары» конкурсында  1-орын алды. Жетекшісі: Нурхина Ақбота Назарбекқызы.  Сондай-ақ «Игроманка» толықметражды фильмінің эпизодына түсіп, актерлық қырынан да өзін сынап көруде. Бос уақытын текке өткізбей,  Астана қаласында балаларға арналған киім дүкендерінде модель болып істейді.

Ал Олжағалиева Дильназ Айболатқызы 111-орта мектептің  3 е -сыныбында оқиды.  Ол Астана қаласында мәнерлеп сырғанаудан «Элизабет Академиясының»  оқушысы.  Мәнерлеп сырғанаудан 1-орынға ие болып, «Алғыс хатпен» марапатталды.  Дильназ өте еңбекқор қыз. Ол аптаның 6 күнін мұзда жаттығуда өткізеді.  Ал жаттығу сәті күніне 4 сағат уақытты алады. Алтын уақыттарын күні бойы телефон шұқылап, әлеуметтік желіде өткізбей, пайдалы істермен шұғылданып жүрген Нұрхан мен Дильназ сияқты балаларға өнерлерің үстем болсын деп сәттілік тілейміз!

 

Шаргүл Қасымханқызы