МАХАТМА ГАНДИ

Гандидің өзі үрерге иті, сығарға биті жоқ, қара қасқа кедей болып өмірден өтсе де, әлемдік деңгейде оның ықпалы мыңдаған миллиардерлерден сан есе артық әсер етті. Лондон университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдағанымен, алғаш рет сот жиналысына қатысқан кезде тамағы ауырып, даусы қарлығып, аяғы дірілдеп сөйлей алмағандықтан өзін адвокаттық қызметке жарамсыз екенмін деп ойлапты.
Ол жалақысы мол, авторитеті жоғары жұмыс тауып алса да миллиондаған жерлестері өте кедейшілікте өмір сүріп, мың-мыңдап аштан қырылып жатқаны жанына қатты бататын. Сонымен барлық ақшасын отандастарына бөліп беріп, кедейліктен қалжыраған адамдар үшін өмірін арнауға бел буыпты. Сонымен тамақ аз жеп, дені сау жүрудің үлгісін денелей көрсетіп, тек жемістер, ешкінің сүті, өсімдік майымен ғана тамақтанған екен.
Үндістанда адамдар сенім-нанымына бола құдықтан таза су ішпейтін, сөйте тұра жол шетіндегі арам суды қолданатын, азық-түлік дүкеніне кірмейтін, арыз-талабын сотқа айтпайтын, мектепке балаларын бермейтіндіктен жаппай сауатсыз, жолға 5 метрден артық жақындамайтын, сөйте тұра жеп отырған тамағына көлеңке түссе арамдалып қалды деп тастай салатын.
Жабайы сенімге иланған осындай 60 миллион адамды 2000 жыл бойы тұтынып келген, ата-бабасынан қалған ескі дәстүрінен аластап, бүгінгі мәдениетті халық болуы жолында Ганди қолынан келетіннің бәрін де жасады. Сондықтан ол Нобельдің бейбітшілік үшін құрметті сыйлығына 1937, 1938, 1939 және 1947 жылдары 4 рет ұсынылды.
«Айнымас сенімді серік ет!. Бақыт дегеніміз сенің ойлап, айтып, жасап жүрген нәрселерің өзара үйлескенде ғана пайда болады»,-депті.
А.Т