“Кедей” дегенді “аз қамтылған” дедік, “Жесір”, “Ажырасқан” дегенді “жалғызбасты” дедік, енді “тегін” дегенді алып тастап “ақы төлемей алуға құқылы” дептік жаңа конституцияда.
Сөз қалмады-ау, сөзіңде сөл қалмады-ау(
Абай Қалшабектің “Мүмкіндігі шектеулі” деген сөзді мүмкіндігі шексіз біреу айтқан-ау, сірә….” деген сөзі бар еді. Сол ойыма түсе береді.
Қазір “зағип” дегенді айтуға болмайды екен. Орыстарша “көруінде кемдігі бар адам” деу керек. “Мүкіс”, “саңырау”, “мылқау” деген болмайды екен. Орыстарша “тыңдау мүшесінде кемшілігі бар адам” деу керек. “Мүгедек” деп айтуға болмайды, “жүрісі шектелген адам” дейді екен. Орыс боп болдық қой. “Толық емес отбасы” дейсің тағы)
Бұл бірлі-жарым мысал ғана. Айттым ғой, біз қазір аударма тілді қазақ тілі деп малданып жүрміз. Тілің тірі жетім деген сөз! “Жетім” дегенді де айтуға болмайды, айтпақшы.
“Күнің туды, қу кедей!” Дейтін сәбет кезіндегі тілдің шұрайын айтсайшы ә!) Тұтас бір кезеңнің кескінін-келбетін қалай беріп тұр!
Айтпақшы, көші-қонның жаңа ережесі бойынша осындай аударма тілмен Қытайдан, Моңғолиядан келген қазақтардан қазақ тілінен емтихан алмақшы екенбіз…🤦🏻‍♂️
Аударма тілде жан бола ма, рух бола ма?
Ал, тіл тазалығы — рух тазалығы!
Мына тілің мынау, ал Арман сен Шалкиз жыраудың:
“Қанатын теріс соғып,
Лашын құс қу ала алмай қалған күн” дегені мен Махамбеттің:
“Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн” дегенін түсіндіріп бер” деп жаналқымнан аласың))
Уайымым “тең” мен “қатардан” да терең…
Сәуле Мешітбайқызының ФБ парақшасынан алынды