Ерекше балалардың дамуына үлес қосу – үлкен жүрек пен мейірімділікті талап етеді.

Айжамал Мұратбекқызы – осы бағытта жұмыс істейтін маман.

Ол өз баласының сөйлеуінде және дамуында қиындықтар байқалған соң, логопедия мен дефектология бағытында білім алды. Кейін өзге де диагноздары бар балаларға көмектесу мақсатында түзету орталығында қызмет ете бастады.

Биыл мемлекеттік грант ұтып, арнайы құрал-жабдықтар – логопедиялық құралдар, АФК және АВА терапиясына арналған жабдықтар, сенсорлық ойын материалдары мен массаж құралдарын сатып алды.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінде ол «Сөйле, балақай» орталығының бизнес серіктесіне айналды және алдағы уақытта балалардың дамуына барынша үлес қосуды жоспарлап отыр.