ШҚО – спортшысы Ардақ Нұрмағамбетов пара үстел теннисінен Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

​Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Ардақ Нұрмағамбетов Қазақстан Республикасының Кубогында тамаша нәтиже көрсетті.

​Жеке кездесулерде ол қарсыластарына дес бермей, Атырау, Жамбыл облыстары және Орал қаласының спортшыларын 3:0 есебімен ұтты. Ал финалда тағы да атыраулық спортшымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Ардақ ел Кубогының жеңімпазы атанды.

​Жұптық жарыста Атырау қаласының спортшысымен бірге өнер көрсетіп, үш ойын өткізіп, Қазақстан Кубогының чемпионы атанды.

Аралас жұптық сайыста жерлесіміз Екатерина Федоренкомен бірге сынға түсіп, күміс жүлдеге ие болды.

 Бір турнир – үш марапат! Ардақтың табандылығы мен еңбексүйгіштігі – жас спортшыларға үлгі.

Тәттімбек Асханұлы

Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің

ШҚО бойынша меншікті тілшісі