ШҚО-да жыл үздіктері марапатталды: Өскеменде «Jastarmen Birge» салтанатты рәсімі өтті
Өскемен қаласында өңірдің ең белсенді, еңбекқор және үлгілі жастары бас қосқан «Jastarmen Birge» атты салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып, оған ірі өндіріс орындарының жас кәсіби мамандары, волонтерлер, жастар ұйымдарының жетекшілері, «Ассамблея жастары» қозғалысының өкілдері қатысты.

Алдымен жұмысшы жастардың «Maman Fest» фестивалінің жеңімпаздары анықталды.
Үздік үштік келесідей болды:
Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы табысталды. Әр номинация жеңімпазына 500 мың теңгелік сертификат берілді.
Биылғы үздіктер:
Салтанатты шарада облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жастарды құттықтап, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті. Әкімнің айтуынша, өңірде техникалық және кәсіби білімді қолдау, жас мамандардың әлеуетін арттыру, жастар бастамаларына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар алда да жалғасады. Жастар мен мемлекеттік институттардың өзара ынтымақтастығы ШҚО-ның тұрақты қарқынмен дамуына негіз болатынын атап өтті.
Жиын соңында қатысушылар марапат олардың жаңа белестерді бағындыруға деген жігерін күшейте түсетінін айтты. Сондай-ақ іс-шара барысында жастар саясатын кеңінен ақпараттандыру, Президенттік кадр резервінен бастап, отандық БАҚ жобаларын қолдау, салалық журналистиканы дамыту, қайырымдылық пен волонтерлікті насихаттау – өңірдегі ақпараттық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі екені де айтылды.
Тәттімбек Асханұлы
Халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің
ШҚО бойынша меншікті тілшісі

