Түркістанда Саттар Ерубаевтың шығармаларынан әдеби аялдама өтті

Түркістанда қазақтың маңдайына біткен белгілі жазушы Саттар Ерубаевтың шығармаларынан «23 жыл — бір ғұмыр» атты тақырыпта оқырмандар арасында әдеби аялдама өтті.

Шараның негізгі мақсаты жазушының өмірі мен деректерін жас ұрпаққа кеңінен дәріптеу болып саналады. Әдеби жиынға Саттар Ерубаев музейінің қызметкері Қоныс Ердос, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхананың меңгерушісі Ибрагимов Ержан, балалар және жасөспірімдер орталығының «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Ержан Ахметжанұлы, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Журкаева Жансұлу Божбанбайқызы қатысып, жазушының саналы ғұмырында жасұрпаққа мол мұра қалдырғанын тілге тиек етті

Шарада арнайы кітапхананың оқырманы Назарқұл Құралай патриоттық әндерін орындаса, балалар және жасөспірімдер орталығының «Домбыра» үйірмесінің оқушылары Өмірзақ Мади, Серікбай Мадияр, Исмайлова Раян, Тешебай Інжу «Балбырауын, Алаш аманаты» атты рухты күйлерін орындап берді. Саттар Ерубаев атындағы мектептің оқушылары Әметжан Ақтолқын, Жорабекова Нұрсәуле, Журабекова Ақтоты, Мәткәрим Рухшана жазушы Саттар Ерубаевтың шығармаларынан жыр-шумақтарын мәнерлеп жатқа айтты.

Түркістан қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен шара соңында оқушылар «Мәңгілік жастық жыршысы» атты тақырыпта кітап көрмесімен танысты.