Поэзия театры Түркістанда!

Түркістан қаласында Поэзия театрының алғашқы премьерасы өтті. «Уақыт – үнсіз куәгер» атты қойылым «Тarmaqtar» баспасынан жарық көрген, оқырманның ыстық ықыласына бөленген «Махаббатымды жеткізетін тармақтар» және «Миледи жазған…» атты көркем жинақтардың негізінде сахналанды.
Махаббат пен сағыныш, үнсіздік пен уақыт тақырыптарын көркем тілмен жеткізетін поэтикалық спектакль арқылы көрерменге «Махаббат айтылмаған сөздерден тұрады» деген терең мағыналы ой ұсынылды.

Поэзия театрының идея авторы – Рысгүл Досжанова. Ал театрдың көркемдік және ұйымдастырушылық жетекшілігін атқарып отырған директор – Еламан Төлеутай. Бұл дегеніміз поэтикалық мәтіндер мен сахналық шешімдерді біріктіре отырып, тың бағытта қойылымдар ұсынатын жаңа шығармашылық платформа болып отыр. Театрдың мақсаты да поэзияны сахна арқылы жаңаша жеткізу, көрерменмен сезім арқылы байланыс орнату болып саналады. Бұған дейін Алматы және Астана қаласында көрерменді қуантқан бұл театр алдағы уақытта еліміздің бірнеше қаласында кеш өткізбек.

Түркістан қаласы