САЛЫҚ ТӘРТІБІ САҚТАЛУЫ ТИІС

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркеновтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Жиынға аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Сабит Сариев «Борышкер акциясын» бірлесіп өткізу үшін аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Аслан Жақыпбеков, қала және ауылдық округ әкімдері, мамандар, аудандық кірістер басқармасының мамандары қатысты.


Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықты өндіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар» туралы аудандық кірістер басқармасы басшысының орынбасары Сабит Сариев баяндама жасады. Аудандағы салықты өндіру туралы атқарылған жұмыстарды тыңдаған Жанғозы Өмірғалиұлы қала мен ауылдық округ әкімдеріне, тиісті бөлім басшыларына бірқатар тапсырмаларды жүктеді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы