АТА ДӘСТҮР САЛТЫМЫЗ — ҚАСТЕРЛЕЙІК ЖАЛПЫМЫЗ

 

1 қазан — Қарттар күніне орай, Спорт кешенінде «Ата дәстүр салтымыз — қастерлейік жалпымыз» атты кеш өтті. Әнмен әрленіп, күймен көмкерілген кештің шымылдығы ұлттық тәрбие, салт- дәстүр сабақтастығы туралы көрініспен ашылды.
Атап айтсақ, «Сымбатты әжелер» командасы«Шаш өру» дәстүрін, «Балажан әжелер» командасы «Тұсау кесер» дәстүрін, «Өнерлі әжелер» командасы «Жүн сабау» дәстүрін, «Өнегелі әжелер» командасы «Ұршық иіру» дәстүрін және «Асыл әжелер» командасы «Күбі пісу» дәстүрін ұсынды. Шараға қала мен ауылдық округтерден 5 команда қатысты.
Ардагерлерді ардақтауға бағытталған шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, қарттарымызда амандық, дендеріне саулық тіледі. Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Оңласын Өзбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов та ізгі тілектерін жолдады.


Сонымен қатар, аудан әкімі Сәкен Мамытов Игілік ауылының тұрғыны, ғасыр жасаған Бибайша Өмірбаеваның шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Батыр анаға гүл шоқтарын тапсырып, сый — сыяпат жасады.
Абыз ананы құттықтауға аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахараб Қырғызбаев, Қазақстан Республикасының Құрмет депутаты, медицина саласының ардагері, қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев те бірге барды. Ғасыр жасаған Бибайша әжей аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, елдің амандығын тіледі.
Мұнан соң аудан басшысы Саудакент ауылының тұрғыны, Тыл ардагері Ермекбай Ақылбеков қарияның және Жаңатас қаласының тұрғындары, қазыналы қарттарымыз Жамбыл Шәдиев пен Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бергентай Нұрмаханұлын мерейлі мерекемен құттықтады. Жаңатас қаласындағы құттықтау шарасына қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев та қатысты. Бүгін туған күнін қарсы алып отырған Бергентай Нұрмаханұлы қаламы қарымды жазушы.
Қарттармен тілдесіп, тұщымды әңгімелерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы арнайы сый-сияпат көрсетіп, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тіледі. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов Жамбыл Шәдиев пен Ермекбай Ақылбековке қарияға ауданның Құрметті ардагері төсбелгісін тақты.
Атаулы күні спорт кешенінде ЖО жастар ұйымдарының Қауымдастығы» «Заңды тұлғалар бірлестігінің» ұйымдастыруымен ардагерлер арасында спартакиада өтті. Шараға қатысқан аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық науқандарға белсене атсалысып жүрген ардагерлерге ұзақ ғұмыр тіледі.
Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов та сөз сөйлеп, барлық спартакиада қатысушыларына сәттілік тіледі. Шара барысында аудан басшысы қол күрестен Әлем чемпионы атанып, ел намысын қорғап жүрген Сандуғаш Сейдішті марапаттады. Сайысқа қала мен барлық ауылдық округтерден ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысып, спорттың түрлерінен бақ сынасты. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осы күні, Жаңаарық ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен кеш өткізіліп, «Шабыт» тобының ардагер өнерпаздарына құрмет көрсетілді.
Киелі сахнада өнер көрсетіп, халықтың ықыласына бөленген ақ жаулықты аналар мен абзал ағаларға алғыс ретінде ауыл әкімі зерделі шапан жауып, сый — құрмет танытты.


Осындай марапат аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі және ауылдық медициналық пунктің қызметкерлері Жайылма ауылдық округінің тұрғыны, 90 жастың белесін бағындырған Ұлбан Омарова әжейдің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты.
Шара барысында қарт кісінің денсаулығы тексеріліп, қан қысымы өлшенді. Өз кезегінде абыз ана шежіреге толы ғибратты, өнегелі өмір жолынан тұщымды әңгімелерін айтып, жастарға аналық ақ батасын берді.