Еңбек – елдің еңсесін көтеретін құндылық.
Сарысу аудандық орталық кітапханасында «Еңбек мерекесі – елдің берекесі» атты танымды профкоктейль өтті.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты мен 2025 жылдың – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануына орай еңбек адамдарының қоғамдағы орны, жұмысшы мамандықтарының қадір-қасиеті кеңінен насихатталды.
Кітапхана қызметкері Ж.Әбдірахманова «Жұмысшы мамандығы – ел экономикасының тірегі» атты кітап көрмесіне шолу жасады.
Директордың орынбасары А.Досаева оқырмандарға жерлес ақын Маралтай Райымбекұлының «Балбал тас» кітабын сыйға тартып, қонақтарға алғысын білдірді.
Еңбек – елдің еңсесін көтеретін құндылық.


