Балалар әдебиеті тағы бір кітаппен толықты

Қазақ балалар әдебиеті — ұрпақтың рухани азығы, болмысы мен тәрбиесінің айнасы іспетті. Осы салаға қосылған әрбір жаңа шығарма кішкентай оқырмандардың қиялын ұштап, таным көкжиегін кеңейтеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде журналист-публицист, жазушы, ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығының лауреаты Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты жаңа кітабы оқырмандарға таныстырылды. Бұл кітап 2024 жылы желтоқсан айында Қарағанды қаласындағы «Tengri Ltd» баспасынан 1000 данамен басылып шықты. Қаламгердің алғашқы әдеби-көркем шығармалар жинағына «Түлкілітаудың аспаны» атты повесі және әңгімелері кірген. Кітап мектеп жасындағы балаларға және көпшілік қауымға арналған. Көркем шығарма тек қызықты оқиғалар жинағы емес, ол — бала жүрегіне жол табатын, олардың туған жерге, табиғат-анаға, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін арттыратын дүние екені сөзсіз. Жалпы, Төлен Тілеубайдың әдебиет әлеміне жасаған қадамын оқырман қауым жылы қабылдады. Таныстырылым барысында оқырмандар кітаптағы шығармаларды талдап, авторға өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Соңынан автор жиналғандармен автограф-сессия өткізді. Прозадағы тырнақалды туындысын ықыласпен оқыған жандар әр шығармаға өз бағасын беріп, әлеуметтік желілер арқылы кітпатан алған әсерімен, ой-пікірлерімен бөлісуде. Сол пікірлердің бір парасымен танысып шығыңыздар.

Айша Дастанбек, Қарағандыдағы №19 жайлы мектептің 7-сынып оқушысы:

 

«Тауды да, аспанды да жақсы көремін. Шығарманы екікүннің ішінде ерекше қызығушылықпен оқып шықтым. Ал­ғашқы күні түнде түсімде нағашы ағамның ауылын  көрдім. «Шимай бет бұзау» деген теңеуді оқығанда езуіме күлкіүйіріл­ді. Шимай-шимай қағаз көз алдыма елестеп кетті. Кітап авторы ауылдағы өмірді баяндайды. Кітаптаарманшыл, қиялшыл бала Әмір деген кейіпкер ұнады. Ол бала өз арманына адал екен. Журналист боп киініп алғандабалалар оған күлді. Анасы кітап көп оқи берме десе де, өзарманына жету үшін кітапты, газет-журналды көп оқыды. Нағашы ағамның ауылында да Темір сияқты тентек балаларбар. Кітап ішіндегі қара қарындашпен салынған суреттер де әдемі. Табиғатты керемет суреттейді. Әмірдің әкесі Сұрағанаға жер-су атауларын жақсы біледі, мейі­рімді, еңбекқорадам екен. Повестің соңғы сөйлемі «Бір сәтте көңілі көктіреген ана мен бала жана­рынан қуаныш ұшқыны шашырап, үйіне қарай алшаң басып бара жатты» деп аяқталады. Әкенің мейірімін, ананың алақанын, жылы  құшағын сезініпөскен Әмірбақытты  бала».

Нұрасыл Рысқұл, Қарағандыдағы А.Бай­тұрсынов  атындағымектеп-гимназиясының  8сынып  оқушысы:

«Бұл кітапты қолыма алып, оқығаннан-ақ, ойша ауылдатұратын ата-әжем­нің үйіне барып қайттым. Таңмен таласаоянып, әжемнің сиыр сауған сәттері еске түсті. Сүттенайырған қаймақ, әжемнің қолынан шыққан құрт-ірімшіктіңиісі мұрныма келді. Шелек-шелек қызанақ пен қиярдыкөрші-қолаңға таратып, сүйіншілеп қонақ шақырыпотыратын шуақты күндер көз  алдыма  елестеді».

Мәриям Қонарбай, Астанадағы Binom school мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы:

«Бұл кітап мені балалық шақтың тұнық тұңғиығынабеттетіп, ауыл өмірінің әр қырын шынайы әрі әсерлібейнеледі. Басты кейіпкерауыл баласы Әмірдің басынанөткен қызықты да шытырман оқиғалары оқырманды еріксізжетелейді. Бірде оның думанды ойындарына бірге қуансақ, бірде кең даланың құшағына еніп, табиғаттың ғажа­йыпсұлулығын бірге тамашалаймыз. Шығарма – тек оқиғалартізбегі ғана емес, адамгершіліктің, адалдық пен мейірімніңшынайы көрінісі. Автор­дың қаламы арқылы мен көкмайсашөптің жұпар иісін сезіндім, таудан ескен самал желдіңжанға жайлы лебін аңғардым, маңыраған қозы-лақтыңдауысы мен шегірткенің шырылын естігендей болдым. Бірсәт ауылдың мүлгіген тыныштығына бой алдырып, ендібірде жаздың аптабында жайылған малдың қарапайым, бірақ өмірдің шынайы келбетін бейнелейтін иісін де сезінгендей әсерге бөлендім. Кейіпкердің ішкітолғаныстары мен өмірге деген көзқарасы, бала жүрегініңтазалығы мен аңғал сенімі жүректі елжіретпей қоймайды. Әңгіме желісі өте шебер өрнектелген, әр сөйлемнің өзбояуы, өз үні бар. Бір сәтте Әмірмен бірге шаттанып күлсең, келесі сәтте мұңайып, терең ойға батасың. Бұл – тек ауылөмірін суреттейтін шығарма ғана емес, нағызшынайылықтың, өмірдің өз боя­уын бұзбай жеткізудіңжарқын үлгісі. Автордың шеберлігіне тәнті болдым. Осындай жүрекке жылы, жанды жадыратар шығармаларыңыз  көп  болсын».

Сымбат МАҚСАТҚЫЗЫ, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің студенті:

Ақ көгершін

Бұл шығармада адамның сезімдері, құбылыстар кереметсуреттелген. Қос ғашықтың табысуы, Саматтың Айжанғабір көргеннен ғашық болуы, Айжанның тартымдықылықтары, т.б. суреттеулер бар. Бұл шығармадағыжағдайды екіге бөліп талдасақ болады: қос ғашықтың бір-бірімен танысып, сөйлескенге дейінгі ойлары және оданкейінгі ойлары. Алғашында Саматтың Айжанды пәкперіштедей көріп,идеал санауы оқырманға да жақсы ой салады. Алайда уақыт өте келе танысып-біліскен соңСаматтың Айжанға деген ойы толықтай өзгереді. «Адамғабір көргеннен баға бере алмайсың, уақыт өте келе біргесапарлас болсаң, бірге тұрсаң ғана оны тани аласың» дегенқоғамдық пікірлер осыдан шықса керек. Самат оныменбірге тұрмаса да сол бір кеште жеңілтек, кез келген жігіттіңқармағына ілінуге шақ қалатын тұстарын байқады. Бастапқы бейкүнә, нәзік, әдепті Айжан енді оның санасындажоқ.

Бұл шығармадан түйеріміз көп. Біріншіден, өмірімізде кезкелген әдемі жанды идеал деп санамауымыз қажет. Сыртқынәзіктігі, сұлулығы көңілге нұр ұялатса да жүрекке жара саларлық жан дүние болуы мүмкін ол адамда. Екіншіден, қызға тән қылық , жылы шырай болғанымен, өзін әржігіттің ырқына көндіріп кете беретін жан болса, күндердіңбір күні алданып, өмір бойы бармақ тістеп өтуі бек мүмкін. Қызбағалы, құнды жаратылыс. Теңіз түбіндегі маржантастар қалай жасырын болса, қыз да сондай құпия болуықажет. Көрінгеннің құшағында жүрген қыздың қадірі кетеді, құны жоғалады.

Аружан ЕСЕНГЕЛДІ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әлеуметтік ғылымдар факультетінің 2 курс студенті:

Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты кітабын бірнеше күн бас көтермей оқып шықтым. Повесте ауыл баласының арман-мұраты, қазақтың салт-дәстүрлері, үлкендердің тәрбиесі мен өнегесі, ал әңгімелерде жастардың мөлдір сезімі көркем тілмен кестеленген.

Ескі достарымен қоштасып, жаңа ауылға қоныс аударған Әмірдің сағынышы, еңбекке адалдығы мен алғашқы махаббатының шарықтау шегі. Даланың ақбөкендеріне араша түсемін деп жауыздармен арпалысып, қаза тапқан қорықшы Ерланның тағдыры. Өз ғашығы мен ақ көгершіннің болмысынан ұқсастықтар тауып, бақытсыз махаббатқа душар болған Саматтың сезімі. Қызбалығы мен іштарлығы бақытының түбіне жеткен Гүлсараның махаббаты. Бұл шығармалардың негізі өмірден алынған.

Кітаптың екінші бөліміндегі әңгімелерден «Гүлсараның махаббатын» қызығып оқыдым. Кейде біз, қыздар жігітті сынаймыз деп қорлап, өз махаббатымыздан айрылып, өкінішке тап боламыз. Адамның мінез-құлығындағы кемшіліктер тағдырына әсер етіп жататын кездер көп. Автор осы дүниені ешқандай бүкпесіз ашық көрсете білген. Бұл әңгіме оқыған жанды бірден баурап алады. Өмірдегі қайталанбас ғашықтық сезімдерді көз алдыңа әкеледі. Шеберлік пен шынайылық бір арнаға тоғысқанда ғана осындай шығарма жазылады. Кітапсүйер оқырманға Төлен Тілеубайдың жаңа кітабын оқуға кеңес беремін. Іші толған маржан сөздер, мағыналы ойлар.

Гауһар Тұрсынқожа