Қашанда анамды құрметтейді.

 

Әрбір жетістік хикаясының артында көрінбейтін қаһармандар болады.
Криштиану Роналдудың арқасында да сондай бір тұлға бар.
Ол Криштиануды тек футбол алаңдарында ғана емес, өмірдегі ең қиын сәттерінде жанында болды.
Ол тұлға үшін Роналду кез-келген адамнан оңай бас тарта алады.

Бірде журналист Криштианудан:
— Бұрынға сүйіктіңіз, Ирина Шейктен неге айырылыстыңыздар?,-деп сұрақ қойды.
Роналду терең бір тыныс алып, былай деп жауап берді:
— Бір күні Ирина маған өмірімді 180 градусқа өзгерткен сөз айтты.
“Қайда барсаң да анаңды алып жүресің ба? Таңдау жасайтын уақыт келді. Не мен, не анаң…”.
Оның осы сөздері біздің махаббат дастанымыздың аяқталғандығын айғақтаған болатын…🙁
Өйткені өмірімде қадір-қасиетін ешкіммен салыстыруға келмейтін бір адам бар. Ол менің — Анам!

Бала кезімде аш қалған, жыртық аяқкиіммен жүрген кездерім болды. Сол күндерде жанымда тек Анам бар еді.
Маған бір дәптер мен аяқкиім сатып әперу үшін біреулердің үйлерін тазалады, туалеттерін жуды.
Өзі ішкен жоқ, жеген жоқ. Мен тоқ болсын деп жарғақ құлағы жастыққа тимеді.
Сондықтан мен үшін, бұл дүниенің ең үлкен игілігі — Анам!
Және бұл таңдауыма ешқашан өкінген емеспін!”