Ел танимын десең…..

Ел танимын десең…..

🖊»Ертексіз өскен бала — руxани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріне бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп қорқамын»

🖊»Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
— Кімнің баласысың?-деп сұрайтын ол.
— Мен Момыштың ұлымын.
— Момыш кімнің баласы?
— Момыш — Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.
Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.
Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген»

Бауыржан Момышұлы