✨ 5 қыркүйек – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні әрі Қазақстан халқының тілдері күні! 🇰🇿
🖋 Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалым, ағартушы, ақын, ұлт ұстазы. Ол қазақтың тұңғыш төл әліпбиін жасап, ұлттық болмысымызды нығайтып кеткен дара тұлға.
🌍 Бүгінгі тілдер мерекесінің дәл осы күнге бекітілуі де бекер емес. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген Алаш арысының сөзі әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ.
💬 Тіл – ұлттың тірегі, рухы мен намысы. Тілге деген құрмет – өткенге тағзым, бүгінге сенім, ертеңге аманат.
🎓 Біздің университет үшін де бұл мерекенің орны бөлек! Түркі жастары тоғысқан қара шаңырақ – достық пен бірліктің символына айналды. 🌿
Осы мерекелі күні баршаңызды өз ана тілімізге құрметпен қарауға, оны дамытуға үлес қосуға шақырамыз. 💚
АХАҢНЫҢ – АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл.
***
Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.
***
Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі
***
Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.
***
Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек.
***
Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді.
***
Біз әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек.
***
Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.
***
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
***
Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!
***
Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.
***
Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.
***
Балам деген жұрт болмаса – жұртым дейтін бала қайдан шықсын!
Ұлт ұстазы айтқандай, тіл – халықтың жаны. Ендеше, жанымызды сақтап, болашағымызды бекемдейік!

