«Финляндия – ақ лалагүлдер мекені» кітабы талқыланды
«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ – ұжымдық даму мен шығармашылықтың ордасы! Рухани жаңғырудың бастауы – кітап оқу. Осы мақсатта орталық қызметкерлері арасында тұрақты түрде кітап клубы ұйымдастырылып келеді. «Әрбір басқосу жаңа ой, тың серпін және ортақ пікірге жол ашады. Бұл жолы біз «Финляндия ақ лалагүлдер» кітабын талқыладық. Шығарманың терең мазмұны мен тәрбиелік мәнін саралай отырып, қызметкерлеріміз ізгілікті өмірге деген құштарлықты дәріптеді. Біз бірге оқимыз, бірге ой түйеміз, бірге дамимыз!» дейді орталық мамандары.
Талқылау барысында белсенділік танытқан үздік қызметкеріміз салтанатты түрде сыйлықпен марапатталды. Бұл бастама – тек қана кітап оқу емес, рухани байлыққа ұмтылудың, үздіксіз дамудың және ортақ мақсатқа жұмылудың жарқын көрінісі.
«Ақ лалагүлдер өлкесі – Финляндия» кітабы – Финляндияның мәдени, рухани тоқырауды жеңіп, мемлекет ретінде жаңа мәдениет сатысына көтерілуінің хикаясы. Бұл кітап өз мемлекетінің даму жолында табандылықпен күресуге бел буған ұлт үшін осы жолда қандай бағыт ұстану керектігін көрсететін бағдаршам іспеттес. Бұл тұрғыдан алғанда аталған туынды күллі түркі жұртының жастары үшін батыс өлкелерінің өткені мен бүгініне жақыннан үңілуге мүмкіндік береді.
Кітап туралы айта кетейік, орыстар мен шведтердің отаршылдығында болған Финляндия
қазіргі таңда бəсекелес елу елдің алдында шығып, өз тілін, мəдениетін
сақтап, өркениетті ел болып отыр. Жерінде мұнай, газ сынды өзге де
табиғи қазба байлықтары жоқ бұл елдің адамдары өздерінің
еңбекқорлығы мен терең білімділігінің арқасында əлемді таң
қалдырып жатқаны белгілі. 1923 жылдары бұл елдің халқының ынтасы
мен талпынысын байқаған священик Григорий Петров «Ақ лала
гүлдер өлкесі» атты кітабын жазды. В.И.Ленин Петровты «демагог»
деп атаса, Кеңес дəуірінде оқылуға тыйым салынған бұл кітап 2004
жылы тұңғыш рет орыс тіліне аударылды. Кітап білім саласында 7 жылдан астам жұмыс жасап келе
жатқан жəне де мектеп білім деңгейін заманауи технология мен
үздік халықаралық тəжірибе арқылы мектеп білім беру сапасын
жақсартуға ұмтылып келе жатқан «Ustudy» компаниясының
қолдауымен шығарылды.
Түркістан қаласы


