ӨНЕГЕЛІ ӨМІР
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР
Рухы күшті, жаны таза,
шапағаты мол, жүрегі ізгілікті, тілің құрметтеген,
салтын сүйген Кәрім Мыңбаев қазақтан шыққан тұңғыш академик.
Алғашқы биолог селекционер, биология
ғылымының докторы.
Сталиннің қабылдауында
болған.
Сталиндік сыйлыққа ұсынылған бірінші қазақ
ғалымы, мемлекет жене қоғам қайраткері.
200-ден астам ғылыми
еңбектердің авторы.
Кәрім Мыңбайұлы Қазақстандағы тың және
тыңайған жерлерді Ресей,
украйна, молдова және
белорустан келген еңбек
мигрантары есебінен
көтеруге қарсы болып, халық атынан:» Спора нет,
целинные и залежные
земли Казахстана должны
быть освоены…
Только по мере роста
внутренних,своих трудовых резерьвов, по этапно. В ближайшие 20- 30 лет»- деп үкімеке қарсы
шыққан қоғам қайраткері.
Семей полигоны жұмысын
бастаған кезде, қарсы шығуға қауқары
болмай, қайғырып қан жұтты.
Сайын дала, өліп жатқан Бетпақдаладағы, шөл және шөлейт аймақты игеру бағдарламасын
жасады.
Қызылқұм, Байырқұм,
Мырзашөл, Бетпаққа су қоймасын салуға, егіншілікпен айналысуға
мұрындық болды.
Мал басын көбейтуге,
Арал суының азайып бара
жатқаның,Сырдария суын
лимит (шектеу) қою мәселесін көтерген теңдесі
жоқ, жаңа идея еді…
Қазақ даласын жер жәннатына айналдырып,
елім бақытты болсын деген Алаштың азаматының арманы 1948
жылы 39 жасында Мәскеуден ұшқан ұшақта
қыршынынан қиылды…
Арманда кеткен асыл боздақ халқына бергені көп болды. Тірі болса ше?
Талай ұлтына талай қызмет жасар еді…
Әкесі Мыңбай зор байлыққа сүрінбеген,тапшы өмірде
күйінбеген, ақылдан сабырды, байлықтан қанағатты артық санаған
еліне сыйлы азамат Кәрімге:»Адам болып тудың ба?-адамға лайық ісің болсын, артында жақсы із қалсын, ұрпағын
айта жүретін болсын!»- деген әке аманатын орындаған Кәрім аға!
Биыл Мыңбай жайлауында, ел солай атайды, жерге көк шөп, көп
шығыпты…
Кезіңде байлық пен адамдықтың өлшемі болған, төріңде төрт көзі түгел отырып ас ішіп, күндер кешкен нағашымның ауылы талай сырды ішіне бүгіп жатыр…
Бүгінде көдесі көгеріп, самал желмен селеуі
Мыңбай әулетің іздегендей…
Нағашыларымның рухын
еске алдым!
Топырақтарың торқа болсын!
РАЙХАН МАТАЕВА

