АУЫЛДЫҢ АЛТЫ АУЫЗЫ АЙТЫЛДЫ

🔰Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ұзақбай Сыздықбаев ауылында «Желбіре, Жеңістің жалауы» атты өнер фестивалі өтті.


🔰Кешке аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек және ауыл тұрғындары қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы құттықтау сөз сөйлеп, өнер фестивалін өткізу арқылы талантты өнерпаздардың шығармашылығын шыңдауға басым бағыт беріліп жатқанын айтып, Ұлы Отан соғысының ардагерінің есімдері ел жадынан өшпейтінін жеткізді.
🔰Фестиваль барысында ауыл өнерпаздары өнерлерін көрсетсе, кітапхана қызметкерлері Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған кітап көрмесін ұсынды. Сондай — ақ, бишілер мың бұрала билеп, көрермендердің ықыласына бөленді. Еске сала кетейік, Саудакент ауылында бастау алған өнер фестивалі Жайылма, Игілік және Жаңаталап ауылдарында өткізілді.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы