СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
🔰Тамыз айының үшінші жексенбісі елімізде спорт күні аталып өтіледі. Бұл барлық спорт саласының қызметкерлері мен сала ардагерлері үшін айтулы күн болып есептеледі.

🔰Осы орайда, бүгін Спорт кешенінде Спорт күніне орай, қала және ауылдық округ бойынша мекеме, кәсіпорын және тұрғындар арасында аудандық спартакиада өткізілді. Шараның ашылуына аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Жаркенов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сахарап Қырғызбаев және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты Самат Тоқбанов қатысты.
🔰Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жанғозы Өмірғалиұлы құттықтау сөз сөйлеп, ауданымыздағы спорт саласының дамуы, мемлекет тарапынан салаға жан жақты қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтты. Мұнан соң аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков те ізгі тілегін жолдап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ауданымыздың спорт саласының дамуына қосып жүрген үлесі үшін бірқатар азаматтар облыстық спорт басқармасының, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «AMANAT» партиясы және аудандық спорт бөлімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
🔰Спартакиадаға қатысушылар спорттың арқан тарту, гір тасын көтеру, кіші футбол, дартс және қол күресі түрленінен бақтарын сынады. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша командалық есепте бірінші орынды «Қазфосфат» ЖШС командасы жеңіп алса, екінші орынмен «Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының» мамандары иеленді. Жүлделі үшінші орынды «Жайылма» командасы місе тұтты. Командалық және жекелей жүлдеге ие болғандарға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар, медальдар, бағалы сыйлықтар мен кубоктар тапсырылды. Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

