ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
🔰Тамыз айының екінші жексенбісі құрылысшылар күні аталып өтіледі. Бұл күн еліміздегі барлық құрылыс саласында өлшеусіз үлес қосып жүрген құрыш қолды құрылысшыларға құрмет көрсетуге бағытталады.
🔰Осы орайда, бүгін аудандық «Коворкинг» орталығында аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов ауданымыздағы құрылыс саласының мамандары мен сала ардагерлерімен кездесті.
🔰Жиын барысында Жанғозы Өмірғалиұлы құрылыс саласының маңыздылығына тоқталып, аудандағы соғылып жатқан құрылыстарда сала мамандарының еңбегі ерен екенін атап өтті.
🔰Кездесуде ауданымыздың экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар сала мамандары «Ауданға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы


