ҰЙЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ
🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытов Жаңаталап ауылдық округіне қарасты Ұйым ауылында халықпен есеп беру жиынын өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы ауылдағы ахуалды баяндап, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарға тоқталды.
🔰Ауылдық округте атқарылған жұмыстар ауқымды. Мәселен, Ұйым ауылындағы Сырлыбаев көшесінің 420 метріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар тамыз айларында аяқталады. Жасыл белдеулерді суару үшін 5 жерден шахталы құдық қазылып, қазіргі таңда ағаш көшерттері суарылуда. Жаңаталап ауылындағы балалар ойын алаңшасына жұмсақ төсемелер төселінді. Жаңаталап ауылында ветеринарлық пункт ғимараты, мал емдеуге арналған орын және мал шомылдыруға арналған купка құрылысы жүруде.
🔰Кездесу соңында ауылдық округ тұрғындары аудан әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сондай — ақ, ауданның дамуына қосып жүрген бірқатар ардагерлер марапатталды.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы


