ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ
Өңір басшысы Түркістанда салынып жатқан «Қылует» рухани орталығының құрылыс алаңында болды. Бұл орталық кәсіпкерлердің және жалпы халықтың қаржылай қолдауымен салынып жатыр. Сметалық құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын мешіт шаһардағы маңызды орталықтардың біріне айналмақ.

Бұл қала көркіне ерекше рең қосары анық. Жарқырай көрінген айдың сұлбасы түнде қаланың кіре берісінен арнаулы белгі сияқты көрінеді. Құлшылық залы 500 адамға есептелген.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

