Қазақстанның Экология министрлігі Қырғызстанмен Жамбыл жəне Түркістан облысының шаруаларын суармалы сумен қамтамасыз ету мəселесін талқылады

 

Қазақстанның Экология, геология жəне табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов Қырғызстанға жұмыс сапары шеңберінде осы республиканың үкімет басшысы Мухаметкалы Абулгазиевпен Жамбыл жəне Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен суармалы сумен қамтамасыз ету мəселесін талқылады.

Атап айтқанда, əңгіме барысында вице-министр Қазақстан мен Қырғызстанның арасындағы Токтогул су қоймасының толуын жақсартуға арналған электр энергиясы тауарларын алмасу кестесінің орындалмауы мəселесін көтерді.

Осыған байланысты ол өткен жылдар тəжірибесі бойынша жаңа кесте жасауды ұсынды.

Бұдан басқа, С.Громов кездесуде Шу өзеніндегі су шаруашылығы ахуалын сөз етті.

“2019 жылғы вегетациялық кезеңде Шу өзенінде қазақстандық тарап белгіленген көлемнің 64%-ін ғана алған. Біздің аймақтық су шаруашылығы ұйымдарына 2020 жылғы вегетациялық кезеңде Шу мен Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы нысандарынан су беру кестесін əзірлеп, келісуді тапсыруды ұсынамын”, – деді вице-министр кездесу барысында.

Тараптар сондай-ақ Шу өзенінде орналасқан мемлекетаралық пайдаланудағы нысандарды жөндеу жұмыстарын орындау мəселесін келісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған