42500 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМ ТАҒАЙЫНДАУҒА 15 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ТҮСТІ

Бұл жайында қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Әсет Шопанов мәлім етті.

«3370 өтінім қалалық, аудандық штабтардың қарауында. Қалған өтініштер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына электрондық іс-макетін жасақтау үшін жолданды. 2020 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушы 3 011 отбасына (16 310 адам) 926 млн. теңге қаражат тағайындалып, толық төленді», – деді ол.

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылмайды. Керісінше, оларға үшінші тоқсанға адамдардың жаппай жиналуына жол бермеу және азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында автоматты түрде тағайындалды.

Нақты тоқталсақ, бұл көмек кімдерге тағайындалады?

1) Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлер;

Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, акцияларының және жарғылық капиталындағы үлесінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың жұмыскерлеріне қатысты емес. Бұл азаматтарға біржолғы төлем тағайындау үшін өтінішті жұмыс берушілер береді. Жұмыскерлер өздігінен өтініш бере алмайды.

2) Дара кәсіпкерлер;

3) Жеке практикамен айналысатын адамдар (жеке нотариус, жеке адвокат, жеке сот орындаушылар және т.б.);

4) Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар;

5) Бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – БЖТ төлеуші).

Сонымен қатар, біржолғы төлем шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, оның ішінде:

1) Жұмыс берушінің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс алатын

жеке тұлғаның қызметі шектеу іс-шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда;

2) Жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы адамдарға;

3) Еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдарға;

4) Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында БЖТ төлеу фактісі анықталмаған БЖТ төлеушілерге;

5) Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан кіріс алатын, ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары түспеген жеке тұлғаларға;

6) Зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, шектеу іс-шараларын енгізілген кезеңде алғаш рет БЖТ төлеген адамдарға;

7) Толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға.

Біржолғы төлем тағайындау туралы өтініш келесі тәсілдердің бірімен беруге болады:

1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;

2) Enbek.kz порталы арқылы;

3) Электрондық үкіметтің telegram-bot-ы және 42500.enbek.kz порталы арқылы;

4) Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы төлем тағайындауға өтініштер 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады.

Айта кетейік жұмыс беруші осы қағидалардың талаптарын сақтамаған жағдайда жұмыскер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жүгінуіне болады.

МО ҚОҒАМДЫҚ КОММУНИКАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ