410 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОЛЛЕДЖГЕ 500-ГЕ ЖУЫҚ КӘСІПОРЫН ШЕФТІК ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КӨРСЕТЕДІ

✍️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігі 410 колледжді 500-ге жуық кәсіпорынның шефтік қамқорлыққа алуы бойынша жұмыс жүргізді.
Шефтік қамқорлық көрсететін кәсіпорындар колледждердің қорғаншылық және өндірістік кеңестеріне енді, олар педагогтердің кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтуіне, колледждердің лабораторияларын жабдықтауға қолдау білдіреді. Сондай-ақ, студенттердің әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен кәсіби және өндірістік тәжірибеден өтуі ұйымдастырылады.
300 мыңнан астам студент кәсіби тәжірибемен қамтылған, 5 мыңнан астам педагог шефтік көрсететін кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтті. Колледждерде шефтік кәсіпорындардың қатысуымен 4 мыңнан астам білім бағдарламалары жаңартылды.
❕Еске салайық, биылғы жылы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарына 10 мыңнан астам студент мақсатты мемлекеттік тапсырыс бойынша міндетті жұмысқа орналастыру тәртібімен оқуға қабылданады.

 

QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК