4-20 тамыз аралығында Ақан сері және №189 көшелерінде көлік қозғалысы толығымен жабылады

Көлік жүргізушілеріне бағдарын алдын-ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жол құрылысы жұмыстарына байланысты 4-20 тамыз аралығында Ақан сері (Орынбор) және №189 (Сейфуллин) көшелері толығымен жабылады, деп хабарлады қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмас үшін маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек. «Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген хабарламада.