Қыздар “қақпанға” қалай түседі…?

Ақиқат, әрине, ащы болады. Біздің бұл сөзіміз базбір көркөкіректер мен жалғаннамыстылардың шымбайына бататынын білеміз. Азаматтық некені әсірелеп, батыстың адам ақылына сыйыспайтын дәстүрлерін дәріптеп жүретіндерге жақпай қалатынымыз да рас. Бірақ, ұнамай қалады деп бүгежектей беруге тағы болмайды. Әр нәрсенің шегі мен шеті, жөні мен жосығы болады. Баяғыда бір байғұс: «Ақырын айтсам ақым кетіп барады, қатты айтсам қарындастың көңілі қалады» деп шырылдаған екен. Сол айтқандай, ар мен намыстың алдында даулайтын ақымыз жоқ, есесіне көңіліне қарағыштайтын қарындас та қалмай барады. Бұл жерде біз «Әр қазақ менің жалғызым!» деген Сабыр ақынның принципін ұстанып отырмыз, әйтпесе арын бәрінен биік ұстап жүрген қарындастар да баршылық. Олардың бір тал шашының жолында жанымыз да садаға…

АТА-БАБА АМАНАТЫ ӘДІРЕМ ҚАЛҒАНЫ МА?

Қазақ – жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халық. Тіршілікте кездесетін әрбір түйткілді мәселелерді дала заңымен бейбіт шеше білген дана қазақтың кейінгі ұрпағы неге тым ұсақталып кетті? Қолындағы қызын бөтен біреудің қойнына салып бермек түгілі жанына да маңайлатпаған намысты елдің бүгінгі жастарында не үшін немкеттілік басым? Он екіде бір гүлі ашылмаған жап-жас қызы тұрмақ жесірін де қорғай білген, «жаным арымның садағасы» деп әрбір қазақтың ары мен намысы үшін тіпті жанын да құрбан еткен қайсар қазақтың бүгінгі болмысы не боп барады? Ар мен намыс, пайым мен парасат болмаған соң бәрі де бекер екен. Бәлкім, «қазақтың жатырындағы шарананың шынында да қытай екенін дәлелдеп беріңіз» дейтіндер де табылар. Жұмыс іздеп келген қытай жігіті қазақ қызына көз салса, көшеде қымсынбай қолтықтасып жүрсе, кештетіп казино, түнгі клубтарға барса, арадан бірер ай болмай аяғы ауырлап шыға келсе… Жатырдағы шарананы келімсектің ұрпағы демей, күлге аунап тапты дейміз бе? Ең өкініштісі, қазақтың асын ішіп, аяғын былғап, намысын таптап жүргендер жайлы қанша шырылдасақ та әл-әзірге тоқтам болмай тұр. Әлде біздің ата-бабаларымыз ар-намысты осылайша аяқасты етіңдер деп аманаттап па еді?

ҚАЙ ЖЕРДЕН МҮЛТ КЕТТІК?

Рас, бәрі де заң жолымен шешілгені жөн. Намысты да, арды да заң қорғайды. Ол үшін ақылға салу керек. Атойлап шығып атылып кетіп жатқандар аз емес. Осыдан жиырма бес жыл бұрын қабылданған заңның кейбір тұстары ұлттық мүддеге томпақ келетін болса, онда оны заман талабына сай жаңартқан жөн. Қазақ қызының ары үшін шырылдап жүргендер мына бір мәселені көлденең тартады. 1991 жылы «Қазақстан Республикасындағы азаматтық туралы» Заң қабылданды. Осы заң бойынша шетел азаматтығынан шыққан және азаматтығы жоқ тұлғаларға ҚР аумағында 10 жыл тұрақты тұрғаннан кейін ҚР азаматтығы берілетіндігі айтылған. Бүгінде бұл заңның қабылданғанына 25 жыл болды, демек сол кезде жұмыс іздеп келгендер бүгінде елдің азаматы болып саналады. Ал, өз еліңнің азаматы, мейлі ол қытай болсын, басқа болсын, сенімен тең дәрежелі құқы бар. Бұл жерде әркім өз арына ие болсын!

«ОТАНЫН САТҚАН ОПАСЫЗ»

Иә, Отанын тек опасыздар ғана сатады. Бақытын өзге ұлттың жігітінен іздеген қыздарды опасыз деуге болмас, дегенмен бүгін сені үлде мен бүлдеге орап, сенің текті жаның мен таза қаныңды пайдаланып өзінің ұрпағын көбейтіп жатқан жарыңның ертеңгі күні қандастарыңды қан қақсатып жатқанын көрсең қандай боласың? Бүгін сені қарындас деп жүрген қандасың ертеңгі күні сенен өрбіген «жиеннің» қолында құл болып жүрсе ше? Дана қазақ жиеннің ел болмайтынын баяғыда-ақ айтқан. Бірақ, ел болмайды деген жиеннің өзі қаны қазақ емес пе, демек нағашысына жиендік жасаған жаманның өзі әрбір әрекетін қазақтың мүддесі үшін жасайтынын жасырмайық. Айналып келгенде бәрібір қазақтың ұпайы түгел болады. Ал, жаңа жоғарыда айтқанымыздай келімсектерден пайда болған баланың бөтен пиғылына жиендік қосылып жатса, сорыңның қайнаған тұсы да осы емес пе?!

ФРАНЦУЗ ҰЛТЫ ҚАЛАЙ ЖОЙЫЛДЫ?

ХIX ғасыр мен ХХ ғасыр аралығында Франция мемлекеті Еуропадағы елеулі елдің бірі еді. Француздардың тұқымын құрту үшін небір құйтырқы саясаттар жүзеге асырылды. Соның бірі, бүгін біздің басымызға түсіп отырғандай қыздарына қырғидай тию еді. Қырғидай тигенде алдына өңгеріп алып қашқан жоқ, өтірік мақтап жаһанға «Әлемдегі ең сұлу француз қыздары» деген жарнама жасады. Содан әлемнің барлық алаяқ еркектері, ақшасы барлары, ұры-қары, залым, сұрқиялары ағылып келіп француз қыздарына үйленді. Залымнан залым туады, аз уақытта Француз елін алаяқтар мен арсыздар қаптап кетті. Тасталған, ажырасқан қатындар мен шата, метис, дүбәра балалар көбейді. Опасыздар отанын ойлай ма, бар-жоғы бір ғасырға жетпей ұрпақ азды, ұлт жойылды. Құйтырқы саясаттың құрбаны болғандар Абай атам айтқандай «қолын мезгілінен кеш сермеді». Ал, бүгінде бірде-бір елдің еркектері: «француз қыздары әлемдегі ең сұлу қыздар» деп өлсе де айтпайды. Қазір Франциядан салт-дәстүрін, ұлттық қадір-қасиетін сақтаған таза француз ұлтын таппайсыз. Түгел дерлік аралас неке, ажырасқан, байсыз бала тапқан, лесбианка, гомик, кәрі қыздар, қойыртпақ, атала, алашұбар отбасылар. Тобырлардан туған ұрпақтар ешқашан өздері тұрып жатқан мемлекетке, оның иесі болып отырған ұлтқа жаны ашымайды.

ҚЫЛЫШСЫЗ ЖАУЛАУ САЯСАТЫ

Кезінде соғысып жүріп ала алмаған елдерін бүгінде «мылтықсыз майдан» арқылы оңай олжалап жүргендердің бұл әрекеті Тайланд елін да ту-талапай етті. Оларға да жалған мадақ айтып, қыздарын қойындарына салды. «Азияда тай қыздарынан артық ешкім жоқ» деген жарнаманың құрбаны болған Тайланд елі аз уақытта Францияның күйін кешіп шыға келді. Кезінде Азияны дүр сілкіндірген батыр да жаужүрек тайлықтардың ұрпағы ұсақталып кетті. Бүгінде еркегі маскүнем, қыздары лесбианка, жезөкшелерге айналды. Осы тұста журналист Айбану Күнтуарованың мына бір сөздері еріксіз еске түседі. «Қытайлар қазақ қызы Сабинаны жерге сыйғызбай мақтады. Рас, Сабина қызымыз мақтауға лайық. Бірақ оны не үшін қытайлар мақтауы керек? Бұл жерде де қазақтың кең-байтақ жеріне қызыққан аспан асты елінің құйтырқы саясаты жатқан жоқ па? Әлемде ерігіп жүрген еркектер көп. Ертеңгі күні қазақ қызының жарнамасына еліткен олар бір-бір қызымызды өңгеріп кетіп жүрмесін. Әйтпесе, қай ата-бабамыз өз қыздарын шетелдіктерге көрсетіп мақтанған еді, олар тауар ма еді, мал ма еді? Қазақстанның «ТАУАРЫ» енді қазақ қыздары болғаны ма? Шетелдіктер солай ойлайды. Олар қазақ қызын не үшін мақтайды? Өз қыздары сонда жаман болғаны ма? Неге қазақ қыздарын өз қыздарынан жоғары қояды? Бұл шын жүректен шыққан шынайы, мейірімді бағалау емес – құйтырқы саясат».

ҚЫЗДАР «ҚАҚПАНҒА» ҚАЛАЙ ТҮСЕДІ?

Сананы тұрмыс билеген заманда бірнерсені айтып түсіндіру де қиын. Дегенмен теріңірек ойланып көретін адам болса, бәрі де тайға таңба басқандай білініп тұр. Біздің қыздар шын намыстанса ешкімге де дес бермейтіні белгілі. Олардың бар осал тұсы –аңғалдығы. Тез алданады. Ал, аузынан уыз сүті кетпеген қыздардың алданып, арбалуына айналып келгенде өзіміздің кейбір опасыз қандастар себепші болып жүр. «Бүгінде қытайлық компанияларды кез-келген қаладан кездестіруге болады, -дейді өзінің аты-жөнін көрсетуге арланған қазақ қызы. – Бірде жұмыс іздеп жарнама бойынша сондай компаниялардың біріне бардым. Әдеміше келген қазақ келіншек аз-кем әңгімеден кейін «Сен біздің басшыларға сөзсіз ұнайсың» деді. Бейне бір қайнысына қыз іздеп жүрген жеңгетай сияқты. Бәлкім, басқалардан артықтау алып отырған айлығы бар шығар, бірақ ақша үшін осындай арсыз жұмысқа баруға бола ма? Біреудің арына тимек түгілі көз алартып қарағаны үшін де жауапқа тартып жатқан құзырлы органдар қайда қарап отыр деп күйінесің кейде. Бұрын қытайлар тығылып, жасырынып жүретін еді. Қазір қазақтың қызын құшақтап ресторан жағалайтын, қонақ үйге баратын халге жетті».

ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУ КЕРЕК?

Бұл енді бойында намысы бар барша қазаққа ортақ сұрақ. Заң қорғайды десек қателесеміз. Ар қорғайды десек, одан да қайыр шамалы. Ендеше, әркім өзін-өзі қорғасын! Тек өзі үшін емес, ертеңгі елінің болашағы үшін! Ата-балаларының әруағы үшін! Ақ сүт берген анасының үмітін ақтау үшін! Қалай болғанда да, біздің халық рухани мықты болуы керек! Әйтпесе, «айдаһар» көршімізге оп-оңай жұтылып кету қаупі бар.

Аман ЖАЙЫМБЕТОВ