300 орынды мектеп пайдалануға беріледі

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Айшабибі ауылында тұрғындардың өтініші бойынша соғылып жатқан 300 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмысын көрді.

Мектептің құрылысына республикалық бюджеттен 1 млрд 436 млн 139 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «ТАРАЗСТРОЙ-2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді.

Пән кабинеттері мен сыртқы алаңдарын аралаған өңір басшысы ертең, яғни 1 қыркүйекте заманауи үлгідегі мектеп пайдалануға берілетінін жеткізді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі