АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ӘЙЕЛДЕР

Ділдә Матайқызының  қызықты оқиғаға толы танымдық маңызы бар ғибрат аларлық деректері білгенге маржан десе болғандай ! Қазақ әйелінің – өзі ақыл, өзі батыр. Шоқанның әжесі Айғаным ел билесе, Бопай қол бастады. Ерекше ақыл-парасатымен, қайтпас қайсарлығымен  жұрт билеп көсемдік көрсетті, қол бастап жаугершілікті бастан кешті. Әйел-ананың бойындағы халқы көз жазбайтын көсемдік пен ел есінде қалатын ерліктің түп тамыры сонау, сонау Тұмар мен Заринадан,кешегі Әлия мен Мәншүкке дейін тамырын жайып келеді десек, қателеспеппіз,- дейді.

фото-066-(1)

тарихи қоғамда патриархат пен матриархат әр жерде,әр жағдайда,әр кезде алмасып отырған ғой. Қазақ халқы,негізінен,партиархаттық басқаруда болғаны ақиқат.  Аналардың атын алғанына ешкім де арланбаған,қайта құрмет тұтқан.  Айбике, Нұрбике, Қоңырбике,Қызбике,Қызданбике « қадірі артқан аналар» , – дей келіп,ары қарай ру бірлестігінің, тайпаның,рудың, оның  буындарының атына ие болған аттары аңызға айналған аналарымыз жайлы тарихи деректерді оқырман назарына ұсынады:

Орта жүздің Шаншар рулары. Шаншар әйелі Айбикеден өскен ұрпақ – толық бір болыс ел. Бұлардан шыққан даңқты адамдар да белгілі. Ақылды аталарымыз үш жүзді үш ананың  (үш ененің) балаларымыз деп отырады ғой. Соған ұқсас, Қызбике,Нұрбике, Айбике – Үш ана атанады.

Ақбикеш-Мақпал. Орта жүздегі Жылқыайдар табы шешелерінің атымен Ақбикеш,Мақпал атанады.

Ақкүлек. Кіші жүз – Байұлы – Байбақты – Дат қызы. Ұзатылып келгенде өзі мініп келген ақ үлекке байланысты осылай аталыпты. Қасиетті адам болған екен. Шеркеш-Қойыс-Шүйініш Тұрлан батырдың әжесі. Ұрпақары Ақүлекпіз дейді.

Алтын. Он екі ата Байұлының бір тайпасы. Қыз аты.

Ақбике. Арғын – Сүйіндіктен шығатын Қайдауыл-Есенқұлдың бір тарауы. Ақбике әйелдің атымен аталады.

                Балқы. Шөмекей – Бозғыл – Қайқының Балқия деген әйелінен тараған ұрпақ анасының атымен Балқы аталады. Бір даңқты адамы – Балқы Базар ақын.

Бәйбіше.1) Адай – Шылымның үш баласының бірі; 2) Байұлы – Таз-Кәшейдің жеті ұлының бірі; 3) Жамбылдың жетінші атасы Бертіс – Ақтөбет ұрпақтары үлкен аналарына қарап осылай (Бәйбіше) атанған.

Болпанай. Ысық- Жақсыбайдың бір тарауы анасына қарай Болпанаймыз дейді.

Бота,Болпан. Жайық Беріштің Шұбар атасы әйелдерінің есіміне орай Бота,Болпан болып екіге бөлінеді.

Байдалы. Ұлы жүз – Шапырашты-Екей Бәйімбеттің әйелі Алтынайдың екінші аты. Әйел мұрнына зере салады екен, осыдан келіп Байдалы аталып кеткен.

Енем. Енет (шын аты Бөтей).

Дәулетбике. Мәукеш, Ұлдай – ру атына айналған әйелдер. Арғынның Қуандығындағы Өтеміс орнына айтылады.

Жанбике. Беріш – Байбақты – Құсылбас ұрпағы.Жанбике қыздан Бегіс ұрпағы тарайды.

Келінберді. Адайдың негізгі бір тарауы Келімберді (айтылуы). Үміті қиын жағдайда өмірге келген,артына мол ұрпақ жалғасқан тайпаның аты. Келіннің мархабатты ақылынан кейін  «Келінберді» ұрпағы атанған.

Көкен – Тоты. Байұлы –Таз –Құлет – Досбол балаларының екеуі аналарының атымен Көкен және Тогты балалары атанады.

Күмісек. Адай – Қамысбай ұрпағының  үшеуі – Орақ, Теңізбай, Сырлыбай тоқал шешесінің  атымен Күмісек аталады.

Кішіене. Байұлы –Таз –Сапы ұрпағының бірі кіші шешесінің атымен аталады.

Қаракемпір. Жомарт,Мырзабике. Ұлы жүз –Ойық – Есейдің үш әйелі. Бірі –Мәтейін, өңі қара,азулы,мінезді адам болған. Бірі үш әйелдің баласын қатар бағады. Бірі жол бойына үй тігіп,мырзалық көрсетіп отырады. Үш әйелдің ұрпақтары Қаракемпір,Жомарт,Мырзабике аталады.

Қаракемпір. Қарақалпақ Мүйтен тайпасының қызы Зылиханың кейінгі аты. Шеркеш Дербістің әйелі. Ақылды,алғыр адам болған. Дербістің үлкен бір тобы осылай аталады.

Қаракемпір. Қызылқұрт – Байғұттың бес ұлының үлкенінің ұрпағы ана атағын алған.

Қаракемпір – Сарыкемпір. Ысты, Таздың ұрпақтары.

Қаракөз. Жаппас тайпасының бір тарауы. Әйел атынан.

Қарағыз. Абдал-Жантай-Жиенқұлдың бір табы. Қарағыз,Қыздар. Қарағыз – Қостанай бетте. Қыздар – Тобықтыдағы ру аты.

Қарақұсақ. Ысық – Келімнен шығатын бөлім. Екі баласын бағып отырып қалғаны үшін халық осылай атандырған.

Қаратамыр. Есентемір – Ботпан –Көн-Данай. Әйел аты. Жалғыз баламен күйеуінің орнын өзі күтіп қалған.

Құндыз. Павлодар беттегі Орта жүздің бір табының аты. Кете қызы.

Қызай (Ейқыз, Күнбүбі). Үйсін Бәйдібектің немересі. Домалақ ананың қызы. Аталықұлы Шағырдың әйелі. Найман елінің үлкен руы. Ұрпағы Қытайда. Аты ұранға айналған. Бір деректе – ХVI ғасырда 88 жасында қайтыс болған.

                Маңқанай. Шеркеш – Қылышкестен –Сырлыбай ауылы осы анасының атымен аталады.

Мәуке. Тоқал әйел. Сүйіндік  Арғын – Қайдауылдың бір баласы орнына айтылады.

Меңілгек. Байұлы – Таздың Қожамбетінен тарайтын бір ата есебінде.

                Мұрын. Қаракерей –Байыс-Ерсарының бәйбішесі. Ру тарауының аты. Бұл атақ оған Бәйдібек ұлы Жәлменбет тоқалы Қарашаштың ошағы берекелі болуына байланысты беріліп,осылай жалғасады. Ошақтығұлы жүз тайпасы.

Сарыбәйбіше. Бәйдібек ұрпағы Сарыүйсін анасы. Сарыбәйбіше баласымыз дейді кейінгілер.

Татыран. Әлімнің белді бір атасы. Анасының есіміне ұарай осылай аталады.

                Тасбике. Ру. Қытайдағы Керей тайпасынан.

Тоғыншы. Әйелге қойылған ат. Ысық тайпасының негізгі бір тарауы.

Тоқал. 1) Адай –Тобыш-Бегейдің бір атасы. 2) Шеркеш –Қойыс-Еламан Қасымның кіші әйелінен тараған ұрпақ. Жеке күй мектебі болған. Қыздарбай осыдан.

Тоқбике. 1) Адай- Піней… Тәңірбергеннің бір тарауы. 2) Байұлы –Таз тайпасынан Байұлының бөлімі.

Тоты-Қосым Шеркеш – Сары –Келдіғұлқызы. Ауыл қыз атымен Тоты атанады. Аманжан би,Таңмағамбет,Абдолла ақындар, Саұып жырау шыққан.

Үштоқал. Шапыраштының  Жарымбетінің соңғы үш әйелінен өрбіген ұрпақ осылай атанады.

Шобдар. Ана атындағы арыс. Шөмекейден тарайды. Сәрсенбай ақынды,мысалы шатаспау үшін  Шобдар Сәрсенбай дейді.

Шолпан. Қызай. Шеркеш-Қойыс-Сақау руларының бөлімі.

Ысты. Ұлы жүз тайпасы. Бәйдібекұлы Жәлмембеттің екінші әйелі Сыландының асты баптап (ыстап) ұстануына байланысты осы ат беріліп,ұрпағы да ос атпен аталған.

Бұлардан басұа да әйел атында Абақ,Бике,Жезбике,Күнгене сияқты біраз рулар бар.

Қаншама заман өтсе де аналарымыз жайлы деректердің  ұрпақ жадында сақталуы – қазақтың ана сүтіне адалдығы,- дейді Ділда апамыз.

Ислам анаға, әйелге ерекше мәртебе берді. Құранда «Ниса», яғни «Әйелдер» деп аталатын сүре бар. Хазірет Мәриям ананың да атымен аталатын сүре бар. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.ғ.с.) : «Жұмақ – аналардың табанының астында», – деді. «Әуелі кімге құрмет көрсетеміз?» деп үш рет сұрағанда да Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Анаға» деген!

Ділда Матайқызы Тасмағамбеткелінінің   « Ана туралы жыр»  кітабынан

944738_1407508649460686_1728217516_n

Дайындаған: Салима Қасымбек қажы тегі.