2550 көп балалы ана алтын мен күмістен алқа тақты

Оңтүстік Қазақстан облысында көп балалы аналардың саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, жаңа 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, өңірде халқымыздың демографиясына үлес қосып жүрген аналардың саны 169198-ге жетті. Оның ішінде 6193 Батыр ана болса, 25482 ана «Алтын-алқа», 34744 әйел «Күміс-Алқа» иегері.  Ал, 8878 ана І-ІІ дәрежелі Ана Даңқы орден иегері, 93901 азаматша 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналардың қатарын толықтырған.

2016 жылы облыстағы көп балалы 479 ана «Алтын алқа», 2071 нәзік жан «Күміс алқа» тақты. Айта кету керек, бұл өткен 2015 жылдың (150327) ақпарымен салыстырғанда 18871-ге көп. Көшті бастап тұрған Шымкент қаласының тұрғындары. Облыс орталығындағы аналардың қатары 35703. Шымкенттен кейінгі орында Сарыағаш пен Мақтаарал аудандары. Сарығаштағы 23793 алтын құрсақты ана болса, Мақтааралда  23239 азаматша нәзік жанды көп балалы ретінде тіркелген.        

Осылайша, көп балалы нәзік жандылар көшін Түркістан, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Шардара, Түлкібас, Арыс, Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласының ақ желекті, алтын құрсақты аналары жалғайды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі