«Жібек жолы» халықаралық ралли-марафоны Қазақстан арқылы өтетін болады

Кеше Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Жібек жолы» халықаралық ралли-марафоны ұйымдастырушыларымен кездесті.

Кездесу барысында сөз алған Арыстанбек Мұхамедиұлы «Жібек жолы» халықаралық ралли ұжымының әкімшілік директоры Вячеслав Анатольевич Грохотов, Раллидің Қазақстандағы ресми өкілі және серіктесі «Қазақстан спорт технологиялары» компаниясына ауқымды жобаны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

_mg_5567«Бұл Ресей, Қазақстан және Қытай арасындағы бірінші ауқымды, әрі сәтті акция. Бүгінгі таңда Ұлы Жібек жолы арқылы марафон – спорттық реалий болып табылады…», — деді министр.

Кездесу барысында «Жібек жолы» халықаралық ралли шарасын 2017 жылы өткізу мәселелері талқыланды. Халықаралық автомобиль федерациясының спорттық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес, жаңа «Жібек жолы» раллидің қазақстандық кезеңі 2017 жылғы 7-23 шілде аралығында Мәскеу-Астана-Пекин бағыты бойынша өткізу жоспарланып отыр.

2017 жылы раллидің ҚР аумағындағы бағыты Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласы арқылы өтеді.

«Біз Қазақстанға келуге әрқашан қуаныштымыз. Біз үшін ең қонақжай ел. Біз, «Жібек жолы» раллиінің ұйымдастырушылары ретінде «Қазақстан спорт технологиялары» серіктесімізбен бірге өткен жылы Раллиді жоғары деңгейде өткіздік. Сіздердің көмегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Барлық қатысушылар риза болды…», — деді В. Грохотов.

_mg_5529

Еске салайық, 2016 жылғы 11-16 шілде аралығында Қазақстан аумағында Мәскеу – Астана – Пекин бағыты бойынша «Жібек жолы» халықаралық ралли-марафоны өтті. Марафонға 40-тан астам ел қатысты. Марафонның Қазақстандағы бағыты Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл және Алматы облыстары, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының аумақтары арқылы өтті. 837 қатысушы 452 автомобильде 4500 жуық шақырымды өтті. (15 кезеңінің 4 кезеңі). Жалпы қашықтығы 10 774 шақырымнан тұрады. Аталған іс-шараны әлемнің 126 акредиттелген журналисті БАҚ-да жариялады. Марафонның жалпы есебінің қорытындысы бойынша біздің отандастарымыздың орындары: «AstanaMotorsports» командасындағы Айдын Рахымбаев  – 5 орын, «AstanaMotorsports» командасындағы Денис Березовский мен Игнат Фальков – 18 орын, «Offroad KZ» командасындағы Марат Абыкаева  пен Андрей Чипенко – 25 орын, MobilExRacing командасындағы Юрий Сазонов – 35 орын.

Жүк көліктер тобында «AstanaMotorsports» командасындағы Артур Ардавичус 13-ші болып келді.

ҚР МСМ Баспасөз қызметі