2016-2020 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша Анықтама

Сағымбай Арғын Біржанұлы –

Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту және

әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы

2016-2020 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша Анықтама

(мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарының қол жетімділікпен қамтамасыз етілген үлесі бойынша)

«Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 25-Бабының 2-тармағының 1 тармақшасына сәйкес, тұрғын үй-азаматтық және коммуналдық мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамында облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері өкілдерінік қатысусыз жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 9 тамыздағы № 632 бұйрығы бойынша, Нұр Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына (бұдан әрі — Басқарма) объектілерді пайдалануға беру кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға қол жетімділікті қамтамасыз ету бөлігінде нысанның сәйкестік декларациясына қол қою функциясы жүктелген.

Осыған байланысты, Басқармамен объектілерді қабылдағанға дейін оларды паспорттау жүргізіледі. Сол себепті, егер объектілер құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмесе, Декларацияға қол қойылмайды. Бұл шара жаңадан пайдалануға берілген барлық объектілерді бір мезгілде бейімдеумен сертификаттауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында Нұр-Сұлтан қаласында қаланың аудандық әкімдіктер жанынан арнайы құрылған жұмыс топтарымен білім беру, мәдени, спорт, денсаулық сақтау, сондай-ақ шағын және орта кәсіп нысандарын мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділікті тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жолдауын іске асырудың Ұлттық жоспарына және аумақты дамыту жоспарына сәйкес, 2020 жылдың соңына дейін 1200 әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын паспорттау және бейімдеу жоспарланған. Өткен мерзімде 1287 объект паспортталып бейімделді (2012-2016 жж. 401 объект, 2017-2020 жылдары 886 объект паспортталды), бұл 98,5% құрайды, ал 2020 жылдың соңына дейін жоспар 100% құрайды. Келесі бағыттар бойынша объектілер сәйкеске келтірілді:

— мемлекеттік мекемелер – 34;

— әлеуметтік қорғау – 5;

— денсаулық сақтау – 35;

— спорт – 14;

— мәдениет – 20;

— мектеп және мектепке дейінгі білім беру – 178;

— көліктік инфрақұрылым объектілері – 4;

— шағын және орта бизнес – 926;

— тұрғын үйлер — 70.

Сонымен қатар, Басқарма Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментімен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кедергісіз қол жетімділікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша шағын және орта бизнес өкілдері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.