1928 жылғы тәркіленген байдың жазбалары табылды

Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығына білгенімен бөлісуге, жаңа ақпарат алуға облыс жұртшылығы, ауыл ақсақалдары жиі келіп тұрады.
Бірі ауласынан тапқан құнды жәдігерін әкелсе, бірі кезінде көрген-білгенін, елден көрген құнды кітаптары туралы ақпаратын айтып жатады. Кейбірі сондай кітаптарының көшірмесін, кіиабын беріп те кетеді. Ол өлке тарихын зерттеп жүрген орталық мамандары үшін таптырмас олжа. Айтылғанға сай орталық мамандары да өз білгендерін құжатты деректермен дәйектеп, тың ақпаратты ортаға салады.Возможно, это изображение 2 человека, книга и текст
Бүгін Тереңөзек ауылының тұрғыны Асқар Бошайұлы 1928-1929 жылдары бай-кулактардың тізіміне ілігіп (бізге мәлім ірі бай емес), тәркілеуге ұшыраған әкесі Бошай Оразалыұлының деректері мен сол заманнан сақталған төте жазумен жазылған қойын дәптерін Орталыққа әкелді.
Бұған дейін ақсақал мекеме директоры, тарихшы Сауран Қалиұлымен хабарласып, сол құжатты оқытатын маман болса деген ниетін білдірген болатын. Сауран Қалиұлы аталмыш құжатты оқуға журналист, ақын Жұматай Көксубайды шақырды.
Жұматайдың алғашқы көзсалуымен жазбалардың ішінде расымен де Бошай есімі бар екенін анықтап, растады.
Асқар Бошайұлы әкесінен қалған мұраның тарихи құндылығын анықтап, кәдеге жараса жарыққа шығару ниетінің барын да жеткізді.
Алдағы уақытта құжат толығымен қазіргі жазбаға аударылып, зерттелетін болады.
Назым ҚОЖАМАРОВА,
Орталықтың бөлім меңгерушісі.