ЗАҒИПТАР АРАСЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК, СЕНСОРЛЫҚ МЕҢГЕРУДЕН БАЙҚАУ ӨТТІ

Әлемді тануы үшін, ақпарат алу және бөлісу үшін бүгінгі таңда ақпарат технологиясының рөлі аса жоғары. Осы технологияларды еркін меңгеруі   мақсатында арнайы кітапхана 2022 жылдан бастап «Зағип және компьютер» үйірмесін жүргізген болатын.

Жүргізілген сабақтар нәтижесінде біліктілік танытқан 4 білім алушы іріктеліп, сайыс ережесіне сәйкес үш кезең мен өздерінің бағын сынады.

Бекітілген Қазылар алқасы барлық қатысушылардың жауаптарын қарап, жүлделі орындарды анықтады. Нәтижесінде І орынды Байбосын Айзере, ІІ орынды Байболов Асхат иеленсе, ІІІ орынды Әмірбек Мәншүк өз қанжығасына байлады. Ал, қалған қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды.